Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" N 477 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы 1801 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 қаңтарда N 14-1-104 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 216 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2012.02.28 № 216 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 477 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14-1-93 нөмерімен тіркелген, "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде 2009 жылдың 17 сәуірінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасында:
      20 тармақтағы "жіберуге міндетті" деген сөздер "жібереді" деген сөзге өзгертілсін;
      21 тармақтағы "хабарлауға тиіс" деген сөздер "хабарлайды" деген сөзге өзгертілсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 А.Жетпісбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады