Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпандағы "Бір жолғы талон негізінде кәсіпкерлік жасаушы жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша бір жолғы талондар құнын белгілеу туралы" № 16/95 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 26/139 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 қаңтарда N 14-5-86 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 9/48 Шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 9/48 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 10 желтоқсан 2008 жылғы № 100-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпандағы "Бір жолғы талон негізінде кәсіпкерлік жасаушы жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша бір жолғы талондар құнын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-5-72 тіркелген, 3 сәуір 2009 жылғы "Шаян" газетінде жарияланған) № 16/95 шешімінің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Қ.Назаров

      Мәслихат хатшысының
      міндетін уақытша атқарушы                  С.Спабеков

Бәйдібек аудандық мәслихатының
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 26/139
шешіміне қосымша

      Бір жолғы талон негізінде кәсіпкерлік жасаушы жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша бір жолғы талондар құны

Қызмет түрі Өлшем бірлігі Бір жолғы талон құны /теңге/
1. Сату /тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен босату/

1.1

Газеттер мен журналдар

1 күн

70

1.2

Тұқым, сондай ақ отырғызу материалдары /тікпе көшет, көшет/

1 күн

120

1.3

Бақша дақылдары

1 күн

250

1.4

Саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер

1 күн

150

1.5

Үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері

1 күн

250

1.6

Жануарлар мен құстарға арналған дайын жем-шөп

1 күн

300

1.7

Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар

1 күн

250

1.8

Балық сату

1 күн

400

1.9

Жылқы, ірі-қара мал сату

1 күн

200

1.10

Қой, ешкі сату

1 күн

100

1.11

Ет және сүт өнімдерін сату

1 күн

200

1.12

Жүн, тері сату

1 күн

100

1.13

Ұсақ-түйек тауарлар

1 күн

200

1.14

Құстар мен аңдар

1 күн

100

1.15

Кеңсе тауарлары, парфюмерия тауары

1 күн

300

1.16

Базардан жылқы, қара мал сатып алып сойып сату

1 күн

1000

1.17

Уақ мал сатып алып, сойып сату

1 күн

700

2

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері

1 күн

800

3

Үй жануарлары мен құстарды жаю

1 басқа

40

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады