Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 205 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 620 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 ақпанда N 14-6-91 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қазандағы N 205 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011.10.18 N 205 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 205 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-76 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 5 маусымында "Қазығұрт тынысы" газетінің № 40 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбек және басқа да қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамаларымен реттеледі;
      6-тармақтың 3-тармақшасы алынып тасталсын;
      9-тармақта "қамтылуға тиіс" деген сөздер "қамтылады" деген сөзбен ауыстырылсын;
      20-тармақта "міндетті" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Т.С.Алиев      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады