Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұратын жұмыссыздарды 2009 жылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 28 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 қаңтарда N 14-7-71 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 708 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық әкімдігінің 2012.02.20 № 708 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" № 149 Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі және қоғамдық жұмыстарға жіберілетін ұйымдардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б. Жұрымбетов) бекітілген тізбеге сәйкес 2009 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. Сауырбаеваға жүктелсін.      

      Аудан Әкімі                                Қ.Хаметов.

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 12 қаңтардағы
N 28 қаулысымен бекітілген

2009 жылға кәсіпорындар мен ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі

Р/с

Ұйымдар мен кәсіпорындардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Жұмыспен қамтылғандардың саны. адам

1

Қала, кент, ауыл әкімдері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім және мемлекеттік мұражай

Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу

77

2

Қала, кент, ауыл әкімдері және мемлекеттік жол жөндеу кәсіпорындары

Жолдар құрылысы және оларды жөндеу

42

3

Қала, кент және ауыл әкімдері

Көгалдандыру ағаш отырғызу

81

4

Қала, кент, ауыл әкімдері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім және ішкі істер басқармасы мен полиция бөлімдері

Берілген өтінімдеріне сәйкес қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің және ішкі істер басқармасы мен полиция бөлімдерінің жұмысына қатысу

30

5

Қала, кент, ауыл әкімдері және мемлекеттік мұражай

Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу

53

6

Қала, кент және ауыл әкімдері

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету

47

7

Қала, кент, ауыл әкімдері және мемлекеттік мұражай

Аумақты экологиялық сауықтыру, көріктендіру

77

8

Қала, кент, ауыл әкімдері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім, әділет басқармасы және мемлекеттік мұражай

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

112

9

Қала, кент және ауыл әкімдері

"Заңгер" жобасы бойынша

2

10

Қала, кент және ауыл әкімдері

Еңбек рыногының негізгі индикаторларын анықтауға көмектесу

27

11

Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жұмыссыздардың жұмыс іздеу клубы немесе жұмыссыздарды бейімдеу орталығы жобасы бойынша

2

БАРЛЫҒЫ:

550

      Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 2 ай. Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2009 жылға арналған аудандық бюджетке қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
      Жұмыссыздарды еңбекақысы аудандық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады