Аудандағы жекелеген елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 1 шілдедегі N 22-164-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 маусымдағы N 592 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 шілдеде N 14-7-81 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108 бабы 5 тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның жер қатынастары мен сәулет және қалақұрылыс бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:
      1) 5,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Аязхан Қалыбеков ауылдық округі Төрткүл ауылының;
      2) 4,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Достық ауылдық округі Хайдар ауылының;
      3) 4,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Достық ауылдық округі Бескетік ауылының;
      4) 5,5 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жамбыл ауылдық округі Кеңесшіл ауылының;
      5) 1,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жаңажол ауылдық округі Ақжол ауылының;
      6) 13,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жаңажол ауылдық округі Достық ауылының;
      7) 1,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Иіржар ауылдық округі Азат ауылының;
      8) 8,71 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Иіржар ауылдық округі Алаш ауылының;
      9) 4,95 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Иіржар ауылдық округі Дихан ауылының;
      10) 2,95 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Иіржар ауылдық округі Мақтажан ауылының;
      11) 10,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарақай ауылдық округі Қарақай ауылының;
      12) 6,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарақай ауылдық округі Қараөзек ауылының;
      13) 23,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарақай ауылдық округі Сәтбаев ауылының шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:    Б. Серіков
      Аудан Әкімі:                               Қ. Хаметов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы:              Ж. Әбдәзімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады