Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 149 каулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 мамырда N 14-12-75 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 ақпандағы N 52 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2011.02.02 N 52 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы, "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 765 Жарлығы, "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 79 қаулысына сәйкес және жұмыспен қамтуда жәрдем көрсету іс-шараларын кеңейту мақсатында, Созақ аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында (әрі қарай – Жұмыс беруші) Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне оқуды бітірген жұмыспен қамтылмаған (әрі қарай - Бітіруші) жастар тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізуді.
      2. Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасын ұйымдастыру келесі шарттарды ескере ала отырып өткізіледі:
      1) оқу орындарын бітіріп жұмысқа орналаспаған бітірушілердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелуі;
      2) Бітірушінің алған мамандығы бойынша еңбек өтілінің және дағдының болмауы.
      3. Уәкілетті орган:
      1) Келешекте одан әрі даму және өндірісін кеңейту перспективасы бар және Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасында әлеуетті жұмыс беруші бола алатындар жайында ақпарат жинау жұмыстарын іске асырады;
      2) Жұмыс берушінің кадрлық сұраныстары негізінде, жастар тағылымдамасында қатысу үшін жұмыссыз Бітірушілер арасында талдау жұмыстарын жүргізеді;
      3) жұмыссыз бітірушіге жастар тағылымдамасында қатысу үшін жолдама береді;
      4) оқу орындарын бітірген жұмыссыз бітірушілерге жастар тағылымдамасы аясында жұмыс орындарын беруге ықыласты Жұмыс берушімен келісім-шарт жасайды.
      Келісім-шартта Жұмыс беруші мен Уәкілетті органның құқықтары мен жауапкершілігі, жұмысқа қабылданып жатқан жұмыссыз Бітірушілердің саны, жастар тағылымдамасы аясында Жұмыс берушінің ұйымдастырған мамандықтарының тізімі ескеріледі.
      Келісім-шарт кемінде алты ай мерзімге жасалады.
      4. Жұмыс беруші:
      1) жастар тағылымдамасын өту үшін Уәкілетті орган жолдап отырған бітірушімен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасайды;
      2) жастар тағылымдамасы аясында әр бір жұмыс орнында қауіпсіздік жағдайы жасалуын қамтамасыз етеді;
      3) жастар тағылымдамасына қатысушылардың жұмыс уақытына есеп жүргізу табелін және актін жүргізіп, әр айдың 25-не дейін Уәкілетті органға өткізеді;
      4) жастар тағылымдамасына жолданған бітірушіні тағылымдаманың мерзімі біткенше, өз құзырымен тұрақты жұмысқа қабылдап алуға құқығы бар;
      5) еңбек шартының мерзімі өткендігі немесе бітірушіні тұрақты жұмысқа қабылданғандығы жайлы Уәкілетті органды хабардар етеді;
      6) еңбек шартының мерзімі өткенінен кейін жұмыссызға жастар тағылымдамасына қатысуы туралы пікір (ұсыныс хат) береді.
      5. Уәкілетті орган Жұмыс берушімен түзген келісім-шартты, Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес келген жағдайларда бұзуына құқығы бар.
      6. Жастар тағылымдамасын өткізу жөніндегі іс-шаралар бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады.
      7. Жастар тағылымдамасына қатысушылардың ай сайын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдар мөлшерін міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатын жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, Уәкілетті органмен төленеді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010.06.14 N 245 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы:                          М. Исаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады