Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы N 244 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 маусымда N 14-13-55 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 ақпандағы N 123 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2011.02.28 N 123 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы, Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 765 Жарлығы, Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 79 қаулысына сәйкес және халықты жұмыспен қамту шарасын кеңейту мақсатында Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында (әрі қарай – Жұмыс беруші) жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж, кәсіптік лицейлерін бітірген, жұмыспен қамтылмаған бітірушілеріне (әрі қарай – Бітіруші) жастар тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізуді.
      2. Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасын ұйымдастыру келесі шарттарда ескере отырып өткізіледі:
      1) оқу орындарын бітіріп жұмысқа орналаспаған Бітірушілердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелуі;
      2) Бітірушінің алған мамандығы бойынша еңбек өтілі және дағдының болмауы.
      3. Уәкілетті орган:
      1) келешекте одан әрі даму және өндірісін кеңейту перспективасы бар және Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасында әлеуетті жұмыс беруші бола алатындар жайында ақпарат жинау жұмыстарын іске асырады;
      2) Жұмыс берушінің кадрлық сұраныстары негізінде, жастар тағылымдамасында қатысу үшін жұмыссыз Бітірушілер арасында талдау жұмыстарын жүргізеді;
      3) Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз Бітірушіге жастар тағылымдамасына қатысу үшін жолдама береді;
      4) оқу орындарын бітірген жұмыссыз Бітірушілерге жастар тағылымдамасы аясында жұмыс орындарын беруге ықыласты Жұмыс берушімен келісім-шарт жасайды.
      Келісім-шартта Жұмыс беруші мен Уәкілетті органның құқықтары мен жауапкершілігі, жұмысқа қабылданып жатқан жұмыссыз Бітірушілердің саны, жастар тағылымдамасы аясында Жұмыс берушінің ұйымдастырған мамандықтарының тізімі ескеріледі.
      Келісім-шарт алты ай мерзімге дейін жасалады.
      4. Жұмыс беруші:
      1) жастар тағылымдамасынан өту үшін Уәкілетті орган жолдап отырған Бітірушімен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасайды;
      2) жастар тағылымдамасы аясында әрбір жұмыс орнында қауіпсіздік жағдайы жасалуын қамтамасыз етеді;
      3) жастар тағылымдамасына қатысушылардың жұмыс уақытына есеп жүргізу табелін және актін жүргізіп, әр айдың 25-жұлдызына дейін Уәкілетті органға өткізеді;
      4) жастар тағылымдамасына жолданған Бітірушіні тұрақты жұмысқа қабылдап алуға құқығы бар;
      5) еңбек шартының мерзімі өткендігі немесе Бітірушіні тұрақты жұмысқа қабылданғандығы жайлы Уәкілетті органды хабардар етеді.
      5. Уәкілетті орган Жұмыс берушімен түзген келісім-шартты, Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес келген жағдайларда бұзуына құқығы бар.
      6. Жастар тағылымдамасын өткізу жөніндегі іс-шаралар бюджет есебінен қаржыландырылады.
      7. Жастар тағылымдамасына қатысушылардың ай сайын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдар мөлшерін міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын" қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатын жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, уәкілетті органмен төленеді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2010.06.14 N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Тлеубердиевке жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Көшербай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады