Шығыс Қазақстан облысы Глубокое, Жарма, Катонқарағай, Күршім, Зырян аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 192 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы N 15/205-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2009 жылғы 12 қарашада N 2517 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, Глубокое ауданы мәслихатының 2007 жылғы 23 қазандағы № 2/5–IV және әкімдігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 473 бірлескен шешімі мен қаулысының, Жарма ауданы мәслихатының 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 5/8-IV және әкімдігінің 2008 жылғы 31 наурыздағы № 98 бірлескен шешімі мен қаулысының, мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4/4-IV және әкімдігінің 2008 жылғы 04 ақпандағы № 41 бірлескен шешімі мен қаулысының, Катонқарағай ауданы мәслихатының 2007 жылғы 22 желтоқсандағы № 3/36-IV және әкімдігінің 2007 жылғы 20 желтоқсандағы № 3087 бірлескен шешімі мен қаулысының, Күршім ауданы мәслихатының 2008 жылғы 14 мамырдағы № 6-2 және әкімдігінің 2008 жылғы 04 мамырдағы № 717 бірлескен шешімі мен қаулысының, Зырян ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі № 21/11-IV және әкімдігінің 2009 жылғы 22 шілдедегі № 146 бірлескен шешімі мен қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое, Жарма, Катонқарағай, Күршім, Зырян аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) мынадай елдi мекендер өзге қоныстар категориясына жатқызылсын және есептi деректерден шығарылсын:
      Глубокое ауданының Малоубинка ауылдық округінің Маховка ауылы, Черемшанка ауылдық округінің Орловка ауылы және Киров ауылдық округінің Краснопартизан ауылы;
      Жарма ауданының Шар қаласының 7 және Қызыл Шар разъездері, Қапанбұлақ ауылдық округінің 14 және 12 разъездері, Жаңғызтөбе кентінің 9 разъезі және Жарма кентінің 16 разъезі;
      Зырян ауданының Малеевка ауылдық округінің Ново-Калиновск ауылы;
      2) енгізілсін:
      Глубокое ауданының Маховка қонысы Малоубинка ауылдық округінің Малоубинка ауылының құрамына, Орловка қонысы Черемшанка ауылдық округінің Черемшанка ауылының құрамына, Краснопартизан қонысы Киров ауылдық округінің Прапорщиково ауылының құрамына;
      Жарма ауданының 7 және Қызыл Шар қоныстары Шар қаласының құрамына, 14 және 12 қоныстары Қапанбұлақ ауылдық округінің Қапанбұлақ ауылының құрамына, 9 қонысы Жаңғызтөбе кентінің құрамына және 16 қонысы Жарма кентінің құрамына;
      Зырян ауданының Ново-Калиновск қонысы Малеевка ауылдық округінің Малеевка ауылының құрамына;
      3) мынадай әкімшілік–аумақтық бірліктер қайта аталсын:
      Катонқарағай ауданы бойынша:
      Большенарым ауылдық округінің Большенарымское ауылы Үлкен Нарын ауылына;
      Большенарым ауылдық округі Үлкен Нарын ауылдық округіне;
      Белое ауылдық округіндегі Белое ауылы Ақсу ауылына, Язовая ауылы Жазаба ауылына, Фыкалка ауылы Бекалқа ауылына, Чаловка ауылы Талды ауылына, Верх-Катунь ауылы Ақшарбақ ауылына;
      Белое ауылдық округі Ақсу ауылдық округіне;
      Чернова ауылдық округінің Черновая ауылы Аққайнар ауылына;
      Чернова ауылдық округі Аққайнар ауылдық округіне;
      Жарма ауданы бойынша:
      Георгиевка ауылдық округі Қалбатау ауылдық округіне;
      Күршім ауданы бойынша:
      Құйған ауылдық округінің Славянка ауылы Қайыңды ауылына;
      Сарыөлең ауылдық округіндегі Дарственное ауылы Барақ батыр ауылына, Вознесеновка ауылы Бірлік ауылына.
      2. Осы шешім мен қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 


Сессия
төрағасы          Е. Нұрбаев
 

Облыс
әкімі    Б. Сапарбаев


Облыстық мәслихат
хатшысы           В. Ахаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады