Өскемен қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына № 6 сайлау округі бойынша үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 3778 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 наурызда № 5-1-107 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 02.04.2009 № 6 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 28 қаңтарындағы № 1 "Шығып кеткендердің орнына 2009 жылдың 29 наурыз күні мәслихат депутаттарын сайлауды тағайындау туралы" шешіміне сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына № 6 сайлау округі бойынша үміткерлер үшін үгіт материалдарын орналастыру үшін орындар келесі мекенжайлар бойынша белгіленсін:

      "Орталық" базарының маңында (Қабанбай батыр есіміндегі көшесі, 142);

      "Занғар" және "Евразия" сауда үйлерінің маңында (Қабанбай батыр есіміндегі көшесі, 144);

      "Березка" дүкенінің маңында (Қазақстан көшесі, 78);

      "Орталық" дүкенінің маңында (Қазақстан көшесі, 70);

      А.С. Пушкин есіміндегі кітапхана маңында (Қазақстан көшесі, 102);

      "Волна" дүкенінің маңында (Буров көшесі, 5);

      Өскемен вокзалының маңында (Мыза көшесі, 1).

      2. Осы қаулы оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов
      Келісілді:
      Өскемен қалалық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы А. Нұрғазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады