Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы N 1565 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 шілдеде N 5-1-116 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қаңтардағы N 4956 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 17.01.2013 N 4956 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 57 баптарына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындықтары бар халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды белгілеу мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілсін:
      1) күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2012.02.02 N 15085 қаулысымен;
      2) осы қаулының 2 қосымшасына сай кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз азаматтардың тамақтану және медициналық куәландыру шығындарын өтеу бойынша Нұсқаулық.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Өскемен қаласы әкімдігінің 2012.02.02 N 15085 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Ж. Жүніспековаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 12 мамырынан туындаған қарым-қатынастарға таралады.

      Өскемен қаласының әкімі                    И. Әбішев

Өскемен қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 2 маусымдағы
№ 1565 қаулысына № 1 қосымша

      Ескерту. 1 қосымша алынып тасталды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2012.02.02 N 15085 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Өскемен қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 2 маусымдағы
№ 1565 қаулысына № 2 қосымша

Кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз азаматтардың тамақтану
және медициналық куәландыру шығындарын
өтеу бойынша Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз азаматтарға тамақтану және медициналық куәландыру шығындарын өтеу мәселелері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнаманың қолданылуын нақтылайды.
      2. Тамақтану және медициналық куәландыру шығынын «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі–Бөлім) өтейді.
      3. Шығын Бөлімде жұмыссыз ретінде тіркелген, кәсіптік жарамдылықты анықтауды талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге, тексеру нәтижесінен тыс өтеледі.
      4. Медициналық куәландыруды өтініш берушілер Бөлімінің жолдауымен өтеді.

2. Шығындарын қайтарып алуға өтініш беру

      5. Өтініш беруші Бөлімге жазбаша өтініш береді және келесі құжаттарды ұсынады:
      1) банктен дербес шот нөмірі;
      2) медициналық куәландырудан өту туралы төлем құжаты.
      6. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен шынайылығы үшін жауапты.

3. Шығынды өтеу мөлшері және төлеу

      7. Медициналық куәландыру үшін шығынды өтеу, құжаттармен расталған тексеруден өту құнының мөлшері бойынша жүргізіледі.
      8. Тамақтануға шығынды өтеу айына үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
      9. Шығынды өтеу халықты жұмыспен қамту Бағдарламасын орындауға қарастырылған қалалық бюджет қаражатының есебінен, өтініш берушінің дербес шотына аудару жолымен жүргізіледі.
      10. Тамақтануға шығынды өтеу ай сайын, келесі айдың 10-нан кешіктірілмей жүргізіледі.
      11. Медициналық куәландыруға шығынды өтеу құжаттарды ұсынғаннан кейін бір ай ішінде жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады