Таңат, Достық, Жиенәлі, Знаменка, Ертіс, Новобаженово және Приречный ауылдық округтеріндегі ауылдық елді мекендердің шектерін өзгерту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 15/122-IV және Семей қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 20 ақпандағы N 195 бірлескен шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда N 5-2-105 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 2009 жылғы 27 қазандағы N 21/161-IV шешімімен және Семей қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 27 қазандағы N 1280 бірлескен қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 2009.10.27 N 21/161-IV шешімімен және Семей қаласының әкімдігінің 2009.10.27 N 1280 бірлескен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Төменде аталған елді мекендердің шектері жобалардың сызбаларына сәйкес, босалқы жер қорынан және арнайы жер қорынан жер телімдерін қосу арқылы өзгертілсін, соның ішінде:
      Ертіс ауылдық округінің босалқы жер қорынан жалпы алаңы 6232,8552 га жерлер Мұқыр, Мұрат және Прииртышкое ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
      Достық ауылдық округінің босалқы жер қорынан жалпы алаңы 2062,9729 га жерлер Достық және Шақаман ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
      Жиенәлі ауылдық округінің арнайы жер қорынан жалпы алаңы 17175,02 га жерлер Бөкенші және Маралды ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
      Знаменка ауылдық округінің арнайы жер қорынан жалпы алаңы 34896,76 га жерлер Знаменка, Қыземшек, Сынтас және Көкен ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
      Новобаженово ауылдық округінің босалқы жер қорынан жалпы алаңы 10094,9563 га жерлер Новобаженово, Бұлақ, Клементьевка, және Талдықорған ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
      Приречный ауылдық округінің босалқы жер қорынан жалпы алаңы 21045,9603 га жерлер Приречное, Гранитное, Мұздыбай және Жарқын ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын;
      Таңат ауылдық округінің босалқы жер қорынан жалпы алаңы 791,2933 га жерлер Таңат және Социалистік Қазақстан ауылдарының әкімшілік шектеріне қосылсын.
      2. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қаласы әкімінің м.а.                    С. Оразалиев
      
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                          Н. Фесенко
      
      Калалық мәслихаттың хатшысы                   Қ. Мирашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады