Курчатов қаласы аумағында 2009 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 15 сәуірдегі N 667 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 сәуірде N 5-3-71 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 330 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2010.04.20 № 330 қаулысымен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес 2009 жылдың көктемі мен күзінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке уақтылы және сапалы түрде шақыруды қамтамасыз ету мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
      2. Шақыру комиссиясы құрылсын (1-қосымша).
      3. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін (2-қосымша).
      4. Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (Қ. С. Балтеков, келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау;
      2) дәрігер-мамандармен және шақыру пунктінің әкімшілігімен әдістемелік-нұсқаулық сабақтар жүргізу;
      3) шақыруды өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу.
      5. «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Сұлтанов А. Д., келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) шақырылушылардың талдауларының зертханалық, кеуде органдарының флюорографиялық зерттелуін ұйымдастыру;
      2) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемесін қажетті орындар санымен қамтамасыз ету;
      3) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін қаланың қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің дәрігерлер мен орта медицина персоналдарының қажет санын бөлу;
      4) шақырылушылардың уақтылы және сапалы түрде медициналық тексерілуі мен емделуін бақылауға алу.
      6. Қалалық шақыру комиссиясының мүшесі – дәрігерге (Сейітқалиева М. Т., келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) шақырылушыларды медициналық куәландыру және медицина персоналының жұмысын «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2005 жылғы 14 сәуірінде тіркелді, тіркеу нөмірі 3560, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 8-10 маусымдағы 46, 47, 48 нөмірлерінде жарияланған) бірлескен бұйрығына сәйкес ұйымдастыру;
      2) дәрігерлер кеңесін, пікір алмасуларды қамтамасыз ету.
      7. Курчатов қаласы полиция бөлімінің бастығына (Тюлежанов Е. Ж., келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) шақырылушыларды әскерге аттандыру және қалалық шақыру комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
      2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ескеруімен мерзімді әскери қызметке шақырылудан және әскери есепке тұрудан бас тартатын азаматтарды іздестіру мен оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуге жәрдемдесу.
      8. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде аттандыру туралы ұсыныс жасалсын.
      9. Қаланың қаржы бөлімі (Уағызов А. У.) шақыруды қаланың 2009 жылға арналған бюджетімен белгіленген қаражаттар шегінде қаржыландырсын.
      10. «Курчатов қаласы аумағында 2008 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 0 мамырдағы № 295 қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 8 мамырында 5-3-57 нөмірімен тіркелген, «Дидар» газетінде 2008 жылдың 3 маусымында 72-73 нөмірлерінде, «Рудный Алтай» газетінің 2008 жылдың 27 мамырында 79 нөмірінде жарияланған) және «Курчатов қаласы аумағында 2008 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы» 2008 жылғы 6 мамырдағы № 295 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 21 қазандағы № 439 қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 14 қарашасында 5-3-62 нөмірімен тіркелген, «Дидар» газетінде 2008 жылдың 22 қарашасында 157-158 нөмірлерінде, «Рудный Алтай» газетінің 2008 жылдың 22 қарашасында 171 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
      12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Курчатов қаласының әкімі                           Р. МУСИН

Курчатов қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 15 сәуірдегі
№ 667 қаулысына 1-қосымша

Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға
құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер
азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма
жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің
белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери
қызметке шақыру үшін шақыру комиссиясының құрамы

      Комиссия төрағасы: Балтеков Қанихан Сайлауұлы – қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (келісім бойынша)
     Төрағаның орынбасары: Старенкова Елена Васильевна – қала әкімінің орынбасары
      Комиссия мүшелері: Алиманов Рауан Мүратұлы – полиция бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
      Сейітқалиева Мейрамгүл Темірханқызы – «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жасөспірімдер дәрігері (келісім бойынша)
      Комиссия хатшысы: Маралова Қарлығаш Амангелдіқызы – «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі (келісім бойынша)

Курчатов қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 15 сәуірдегі
№ 667 қаулысымен бекітілген
      Курчатов қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 15 сәуірдегі
№ 667 қаулысына 2-қосымша

Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға
құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер
азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма
жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің
белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери
қызметке шақыру кестесі

Жасөспірімдер санаты

Барлығы

Жасөспірімдердің саны

Көктем
(сәуір-маусым)

Күз
(қазан-желтоқсан)

1

Жұмыс істейтіндер

35

10

25

2

Жұмыс істемейтіндер

55

20

35

3

Барлығы:

90 30 60

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады