Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі N 93 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қыркүйекте N 5-3-81 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 07 тамыздағы N 1131 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2012.08.07 N 1131 қаулысымен.
      
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Курчатов қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н. Т. Битеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
      
      
      Курчатов қаласы
      әкімінің міндетін атқарушы                    Е. СТАРЕНКОВА

      Курчатов қаласы әкімдігінің
      2009 жылғы 15 қыркүйектегі
      № 93 қаулысына қосымша

      Курчатов қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар
      үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Р/н №

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Мекен-жайы

1

«Қалалық мәдениет үйі» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ғимаратының жанындағы алаңқай

Тәуелсіздік көшесі 2

2

Қалалық телекоммуникация торабының ғимараты жанындағы алаңқай

Абай көшесі 13

3

«Мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы алаңқай

Тәуелсіздік көшесі 10

4

«Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны аумағындағы алаңқай (аурухана ауласында)

Курчатов көшесі 9

5

Абай көшесі 36 - үйдің жанында орналасқан жарнамалық тумба

Абай көшесі 36

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады