Ушаново ауылының және Степное ауылының құрамдық бөлімдерінің атауларын ауыстыру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ушаново ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 05 қарашадағы N 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 желтоқсанда N 5-9-118 тіркелді

      Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Глубокое ауданы Ушаново ауылының және Степное ауылының халқының пікірлерін ескере отырып ШЕШТІМ:
      1. Глубокое ауданы Ушаново ауылының көшелерінің атауын келесідей өзгерту:
      Санта-Барбара көшесін Кабанбай батыр көшесіне;
      Зеленая көшесін Владимир Забелин көшесіне;
      Новоселов-Ушаново-Центральная көшесін Төлеген Тохтаров көшесіне;
      Комсомольская көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
      Советская көшесін Мәншүк Мәметова көшесіне;
      Совхозная көшесін Абай Құнанбаев көшесіне.
      2. Глубокое ауданы Степное ауылының көшелерінің атауын келесідей өзгерту:
      Шоссейная көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;
      Кооперативная көшесін Шоқан Уәлиханов көшесіне;
      Ключевая көшесін Сәкен Сейфуллин көшесіне;
      Библиотечная көшесін Лев Гумилев көшесіне;
      Совхозная көшесін Дина Нүрпейісова көшесіне.
      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Ушаново ауылдық округінің
      әкімінің м.а.                         Е. Кумаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады