Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 маусымдағы N 192 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 шілдеде N 5-10-82 тіркелді. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы N 118 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 2010.03.25 № 118 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-4) тармақшаларына, 18-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» (Жол картасы) атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 264 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын (ары қарай - әлеуметтік жұмыс орындары).
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты ай мерзіміне дейін ұйымдастырылсын.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанынан тәуелсіз кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде ұйымдастырылсын (ары қарай – жұмыс беруші).
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарының құрылуы жұмыс берушінің аудандық жергілікті атқарушы органдармен шарты негізінде жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, әлеуметтік жұмыс орындарының түрлері, жұмыс өлшемі, еңбекақының мөлшері мен жағдайы, мерзімі және қаржы көздері көрсетілуі тиіс.
      5. Жұмыс берушінің жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссызға төлейтін еңбекақы шығыны Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінің елу пайызы ішінара тиісті жергілікті бюджет қаржысынан өтелсін.
      6. Жол картасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтардың орташа жалақысы 30000 теңгені құрайды, оның 15000 теңгесі республикалық бюджет қаржысынан, 15000 теңгесі жұмыс берушінің қаржысы есебінен төленсін.
      7. Еңбек жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтың арасында жасасқан еңбек шартымен айқындалсын.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу кезек тәртібімен, түскен ресми ұсыныс шаралары бойынша жүргізілсін.
      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                         Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады