Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру Нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі N 833 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қазанда N 5-11-104 тіркелді. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 06 қыркүйектегі N 1156 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2012.09.06 N 1156 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7,8 баптары, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Нұсқаулығы 1-қосымшаға, кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың, толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің жол жүру, тұру, тамақтануға және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің Нұсқаулығы  2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары О. Актекеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                    Ә. Мұхтарханов
 

2009 жылғы 4 қыркүйектегі
Зайсан ауданының әкімдігінің
№ 833 қаулысына 1-қосымша
 

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру
Нұсқаулығы
 

1. Жалпы ережелер
 

      1. Осы нұсқаулық халықтың нысаналы тобынан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруды, негізгі жағдайларды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен есеп жасауды нақтылайды.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан тұлғалардың еңбек және басқа да қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамаларымен реттеледі.
      3. Осы нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны.
      2) Нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындықтар көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген адамдар топтары.
 

2. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу және
ұйымдастыру
 

      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржылануы жұмыс беруші өз қаражатынан және осы жұмыс орнына алынған жұмыссыздардың еңбек ақысына шыққан шығынды аудан бюджет қаражатынан жартылай өтеуімен белгілейді.
      5. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша мекемелердің (ұйымдардың) тізбесін және оған нысаналы топтан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындар санын белгілейді.
      6. Жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздардың еңбек төлеміне шыққан шығынды жартылай өтеуге қызмет көрсету жөнінде келісім-шартқа отырады.
      7.Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» нысаналы топтан шыққан жұмыссыздарға таңдау жүргізеді.
      8. Жұмыс беруші жұмыссыздарды «Әлеуметтік жұмыс орындарына» жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша жұмысқа қабылдайды, жолдаманың қиынды талонын толтырады және оны жұмыспен қамту бөлімінің мекен жайына жібереді.
      9. Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдағанда жұмыс беруші онымен «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне» сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен аталған мерзімге еңбек шартына отырады.
 

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың
көздері мен шарттары
 

      10. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақысы ай сайын және еңбек келісім шартына сәйкес жұмыс беруші өз қаражатынан және орындайтын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты жүзеге асырады.
      11. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақы шығындары жартылай аудан бюджеті қаражатынан мерзімі алты айдан аспайтын нөл бүтін оннан сегізден бірге дейін ең төмен еңбек ақы мөлшерінен жұмыс беруші жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынған жұмыссыздың ағымдағы жылы жұмыс істеген күндері көрсетілген анықтаманың негізінде өтеледі.
      Нысаналы топтарға жататын жұмыссыздардың еңбекақысы бойынша дотацияны жұмыспен қамту жөнінде уәкілетті органдар жұмыспен қамту бағдарламасы есебінен жұмыс берушілердің есеп шотына аударады.
      12. Нысаналы топтарға жататын әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың аудан бюджетінен төленетін еңбек ақыға заңнамаға сәйкес салық салынады.
      13. Нысаналы топтарға жататын әлеуметтік жұмыс орынына орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысы нақтылы орындалған жұмысына жүргізіледі.
      14. Мекеменің есеп шотына түскен жұмыссыздардың еңбек төлемі шығынына жартылай дотация беру үшін қаралған бюджеттік қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін жұмыс беруші жауапты.
 

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және
қаржыландыруға бақылау жасау
 

      15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын сақтауға бақылау мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
 

2009 жылғы 4 қыркүйектегі
Зайсан ауданының әкімдігінің
№ 833 қаулысына 2-қосымша
 

Кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз, табысы аз
адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандардың және
жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен
айналысатын адамдардың, толық емес жұмыс уақыты
режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің жол
жүру, тұру, тамақтануға және медициналық куәландыру
шығындарын өтеудің
Нұсқаулығы
 

      Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8-бабы, «Халықты жұпыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіптік дайындау, біліктілігін көтеру және қайта дайарлауды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесін басшылыққа ала отырып әзірленді.
 

1. Жалпы ережелер
 

      1. Осы нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) өтініш беруші – кәсіби даярлыққа жіберілген және шығындарын өтеуге өтішін берген жұмыссыз, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар, толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлер;
      2) шығындарды өтеу - өтініш берушінің жол жүруіне, тұруына, тамақтануға және медициналық куәландыру шығындарын жартылай немесе толық өтеу;
      2. Тұрғылықты жерінен тыс жерде оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу өтініш берушіге төленеді.
      3. Өтініш берушінің облыс шегінде тұру, медициналық куәландыру, оқу орнына барып, қайту, тамақтану шығындарын өтеуін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      4. Медициналық куәландыру шығындарын өтелуі кәсіби жарамдылығын куәландыруды талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілетін өтініш берушілерге медициналық нәтижесіне қарамастан төленеді.
      5. Өтініш берушілер медициналық куәландыруды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша өтеді.
      6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттары ұсынған кезден бастап, бірақ оқу аяқталған күннен бір ай кешіктірмей жүргізіледі.
      7. Аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ресми тіркелген және кәсіби даярлыққа, біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыз және нысаналы топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие.
 

2. Шығындардың өтеуін алуға өтініш беру
 

      8. Өтініш беруші аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
 

3. Қажетті құжаттардың тізімі
 

      9. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
      1) Тұратын жердегі банкте жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
      Қосымшаларымен қоса аванстық есеп беру;
      3) Жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымалды түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;
      4) Медициналық куәландыру өткені жөніндегі төлем құжаты.
 

4. Шығындарды өтеудің мөлшері
 

      10. Шығындардың толық өтелуі;
      1) медициналық куәландыру үшін – құжаттармен дәлелденген зерттеудің құны;
      2) өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайта қайту жолы үшін – құжаттармен дәлелденген жол жүру шығыны.
      11. Тұру шығындарының жартылай өтелуі мынадай мөлшерде жүргізіледі:
      1) өзге жерден келген өтініш берушілер Өскемен, Семей қалаларында оқып, жатақханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына алты айлық есептік көрсеткіштен аспағанда жүргізіледі. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – айына үш айлық есептік көрсеткіш.
      2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа тұрғын жерлерде оқып, жатаханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына алты айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда - айына екі айлық есептік көрсеткіш.
      3) Өскемен және Семей қалаларында оқитын жұмыссыздарға тамақтану шығындары айына алты айлық есептік көрсеткіш есебінде төленеді, басқа елді мекендерде оқитын жұмыссыздарға айына екі айлық есептік көрсеткіш есебінде төленеді.
 

5. Шығындарды өтеу төлемдері
 

      12. Шығындарды өтеудің төлемі халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қаралған аудандық бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
      13. Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аяқталуы немесе басталысымен ай сайын жүргізіледі.
      14. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бір ай ағымында жүргізіледі.
      15. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
      16. Өтініш берушіге өтелу шығындардың толық немесе жартылай төлемі ақшалай түрде жеке шотқа аудару жолымен жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады