Шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы N 27 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 30 желтоқсанда N 5-12-98 тіркелді. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімінің 2010 жылғы 31 қаңтардағы N 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімінің 2010.01.31 N 3 шешімімен.

      Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақытында және сапалы тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74- ІІІ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, ШЕШТІ:
      1. "Зырян ауданының Қорғаныс Істер жөніндегі бөлімі" ММ-не (С.Б. Шестак, келісім бойынша) тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2010 жылғы 12 қаңтардан 31 наурызға дейін жүргізсін.
      2. Әскер қатарына шақырылатындарды дәрігерлік куәландыру мұнда өткізілсін:

Зырян қаласында

"Зырян ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі" ММ базасында;

Серебрянск қаласында және Жаңа Бұқтырма кентінде

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасы" Зырян ауданының Серебрянск қ. № 3 медициналық бірлестігі" КМҚК базасында.

      3. Емдеу мекемелерінің басшыларына ұсыныс берілсін:
      1) С.Л Зайцевқа (Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасы Зырян ауданының «№ 1 медициналық бірлестігі» КМҚК - келісім бойынша), О.Г. Шатковскиге (Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасы Зырян ауданының «№ 2 медициналық бірлестігі» КМҚК - келісім бойынша), Ю.В. Долговқа (Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасы Зырян ауданының "Психоневрологиялық диспансері" ММ - келісім бойынша), бұйрықтармен бекітілсін және әскери – шақыру комиссиясының жұмысы үшін қажетті мамандар саны жіберілсін, әскер қатарына шақырылатындардың стационарлық және емханалық жағдайда толық тексерілуден өтуі қамтамасыз етілсін:
      Стационарлардағы көрсетілген орындардың мөлшері бөлінсін (шарт негізінде):
      Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасы Зырян ауданының «№ 1 медициналық бірлестігі» КМҚК:

терапевтік бөлім

20

хирургиялық бөлім

15

тері–неврологиялық диспансер

5

травматологиялық бөлім

15

      Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау Басқармасы Зырян ауданының "Психоневрологиялық диспансері" ММ:

психоневрологиялық диспансер

5

      3) Тіркеу аяқталған соң № 1 және № 2 тізім бойынша әскер қатарына шақырылатындарды емдеуге дәрігер – мамандар тағайындалсын.
      4. Медициналық комиссияны қаржыландыру, әскер қатарына шақырылатындарды және әскери оқу орындарына түсетін үміткерлерді тексеру және дәрігерлік көмек шығымдары төлеу жылдық жан-жақты қаржыландыру жоспарына сәйкес, Зырян ауданының бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
      5. Қалалардың, ауылдық округтердің және кенттердің әкімдері оқу орындарының директорлары, бозбалалардың уақытында құлақтандырылуын және тіркеу комиссиясына келу уақытының анықталуын қамтамасыз етсін.
      6. "Зырян ауданының Қорғаныс Істер жөніндегі бөлімі" ММ сұрауы бойынша тіркеу комиссиясынан бас тартқан әскер қатарына шақырылғандарды іздеу және жеткізу жұмысын өткізу жөнінде Зырян ҚАІІБ бастығы А.Қ. Мұрзықановқа (келісім бойынша) ұсыныс берілсін.
      7. "Зырян ауданының білім беру бөлімі" ММ бастығы С.С. Винивитин "Зырян ауданы Қорғаныс Істер жөніндегі бөліміне" ММ әскери-оқу орындарына түсу үшін мектеп оқушыларының арасынан үміткерлерді іріктеуге қолдау көрсетсін.
      8. Шешімнің орындалуына бақылау жасау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Е.К. Кубентаевқа жүктелсін.
      9. Зырян ауданы әкімінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 11 "Шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы" шешімі күшін жоғалтты деп саналсын (2009 жылғы 17 ақпандағы № 5-12-75 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, 2009 жылғы 26 ақпандағы № 8 "День за днем" газетінде басылып шыққан).
      10. Шешім ресми басылып шыққан күннен кейін он күн өткен соң күшіне енеді.

      Зырян ауданының әкімі             Р. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады