Жастарды әлеуметтік қорғау шаралары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 01 қазандағы N 1343 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қазанда N 5-14-95 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы N 1508 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2010.01.29 N 1508 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 5 бабына, 7 бабының 4), 6)тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» № 581 Заңының 4 бабының 5 тармағының 1), 2) тармақшаларына, 5 бабының 2), 11) тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды (бұдан әрі- Қатысушылар) жұмысқа орналастыруға ықпал жасау бойынша, жастар іс-тәжірибесі түрінде, әлеуметтік қорғау шаралары қабылдансын.
      2. Жастар іс тәжірибесі мекемелерде, кәсіпорындарда (бұдан әрі «Жұмыс беруші») ұйымдастырылып өткізіледі. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі «Бөлім») «Жұмыс берушімен» келісім шарт негізінде бірлесіп әрекет жасасын.
      3. Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау негізінде оқу орындарын бітірген жұмыссыздар жастар іс тәжірибесіне қатысу үшін іріктелсін. Іріктеу критерийлері:
      1) Қатысушылардың жұмыссыз ретінде «Бөлімде» есепте тұрғаны;
      2) Қатысушыларға іріктеп алу мерзімінде қолайлы жұмыстың болмағаны;
      3) жасы 29 жасқа дейін.
      4. Қатысушылар жастар іс-тәжірибесіне 6 айға дейін жіберіледі.
      5. Жастар іс тәжірибесінің қаржылануы жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуына бекітілген шығындар сметасына сәйкес аудан бюджеті есебінен жүргізілсін.
      6. Жастар іс тәжірибесіне Қатысушының еңбек ақысы келесі мөлшерде жүргізілсін:
      1) техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітіргендерге 1,2 айлық ең төменгі жалақы;
      2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарын бітіргендерге 1,5 айлық ең төменгі жалақы.
      7. «Жұмыс беруші» Қатысушыға өз есебінен қосымша төлем жасай алады.
      8. Қатысушылардың еңбек төлемі «Бөліммен» олардың жеке шоттарына аудару арқылы жүргізілсін.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә. Әлхановқа жүктелсін.
      10. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі             А. Сеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады