Әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 210 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 маусымда № 5-16-77 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 09 маусымдағы N 191 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2010.06.09 N 191 (қолданысқа енгізілу тәртібін  11-тармақтанқараңыз) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 Заңының 37 бабының 1, 2 тармақтарын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңын және Елбасының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңарумен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6 наурыз 2009 жылғы № 264 қаулысының 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарының «Жол картасы» 1.5 басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықты мақсатты топтарын жұмысқа орналастыру мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын (ары қарай әлеуметтік жұмыс орындары) ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары 6-ай мерзімге ұйымдастырылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік түріне қарамастан мекеме кәсіпорындарында және жеке шаруашылықтарда ұйымдастырылады (ары қарай жұмыс берушілер)
      4. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды жергілікті атқарушы органмен келісім шарт негізінде жұмыс беруші жүзеге асырады. Келісім шартта тараптардын міндеттері, жұмыс түрі, көлемі, еңбек ақы төлемінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орынында жұмыс істеу мерзімі қаржыландыру көздері көрсетіледі.
      5. Жұмыс беруші еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орынына орналастырылған жұмыссызға төленетін еңбек ақы шығындарын жартылай төлесе, бюджеттін қаржысы есебінен Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген ең төменгі еңбек ақының 50 пайызы мөлшерінде өтеледі.
      6. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған нысаналы топтардан азаматтардың еңбек ақы төлемі айына 30 мың теңгеден кем болмауы тиіс; жұмыс беруші жағынан 15 мың теңгеден кем емес және жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жағынан жергілікті бюджеттен 15 мың теңге.
      7. Азаматты әлеуметтік жұмыс орынына қабылдау туралы шешім қабылданған жағдайда, «Жұмыс беруші» Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексіне» сәйкес «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен» келісім шартта аталған мерзімге жұмыссызбен еңбек шартты жасалады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыс берушілерді іріктеу жұмыстары арнайы ұсыныстардың түсуіне байланысты кезекке қойылып жүзеге асырылады.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      10. Осы қаулының орындалуына басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары А. Түрекеноваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                   А. Әубәкіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады