2010 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 04 желтоқсандағы N 675 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 05 қаңтарда N 5-19-110 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шемонаиха ауданы әкімінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі N 1-1205 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шемонаиха ауданы әкімінің 2011.04.15 N 1-1205 хаты).

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының, 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II Заңының 7-бабының 5-4)-тармақшасына және 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңын іске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына, жұмыссыздар мен мақсатты топтардан жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды белгілеу мақсатында, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес, 2010 жылға жұмыссыздарды және халықтың мақсатты тобынан жұмыспен қамтылмағандарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының саны және ұйымдардың (кәсіпорындардың) тізімі анықталсын.
      2. «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін жұмыссыздар мен халықтың мақсатты тобынан жұмыспен қамтылмағандарды іріктеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары М.Е. Желдібаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі                   Г. Ермолаев

Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 04 желтоқсандағы
№ 675 қаулысына
қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы
ұйымдар (кәсіпорындар)
ТІЗІМІ

р/с
Жұмыс беруші Орындар саны

1

«Қазахмыс Корпорациясы» ЖШС филиалы - МХК, ЖРЭЦ

6

2

«Первомай ОӨК» мемлекеттік емес мекеме

3

3

«№ 10 дәріхана» ЖШС

2

4

«Ертіс» Ш/Қ

2

5

«Кедр» ЖШС

2

6

Таранова ЖШС

1

7

ШҚО Шемонаиха «көлік комбинатын оқыту» бөлім
филиалы

1


ЖИЫНЫ:

17

      «Шемонаиха ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» ММ бастығы                           Г. Бабаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады