Ақжайық ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы N 147 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 19 мамырда N 7-2-75 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 311 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2009.09.25 N 311 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 7, 18-1 баптарын басшылыққа алып, аудандағы жұмыс беруші субъектілерден түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс беруші субъектілердің тізбесі және еңбек ақы төлеу мөлшері мен қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      3. Осы қаулыдан туындайтын іс–шараларды жүзеге асыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Т. Қайрекеев.) жүктеліп, бақылауы аудан әкімінің орынбасары М. Жұматоваға жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Иманғалиев

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 5 мамырдағы N 147
Ақжайық ауданы бойынша
әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру жөніндегі шаралар
туралы қаулысымен бекітілген
ҚОСЫМША

Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын
жұмыс беруші субъектілердің тізбесі және
еңбек ақы төлеу мөлшері мен қаржыландыру көзі

қ/с

Мекемелер

Мамандық

Қаржы көзі және еңбек ақы төлеу мөлшері (теңге)

1 адамға 1 ай мерзімге есептелгенде еңбекақысы

Жергілікті бюджеттен

Жұмыс беруші қорынан

1

Шаруа қожалықтар

Малшы
Сауыншы
Механизатор
Құрылысшы
Аспазшы
Жүргізуші
Тракторшы
Жұмысшы
Электрик
Тасқалаушы
Газбен- дәнекерлеуші

Жылма-жылға "Республиқалық бюджет" Заныңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес, өсуі мүмкін

Келісім шарт негізінде мүмкіндігіне қарай

2

Мемлекеттік коммуналдық қазынашылық мекемелер

Құрылысшы
Тасқалаушы
Механизатор
Сылақшы-
бояушы
Электрик
Аула тазалаушы
Газбен- дәнекерлеуші
Слесарь- сантехник
Жұмысшы

Жылма-жылға "Республиқалық бюджет" Заныңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес, өсуі мүмкін

Келісім шарт негізінде мүмкіндігіне қарай

3

Жеке кәсіпкерлер

Электрик
Құрылысшы
Аула тазалаушы
Жүргізуші
Жұмысшы
Дүкенші
Аспазшы
Тігінші
Жұмысшы
Құрылысшы
Тасқалаушы
Газбен- дәнекерлеуші
Слесарь- сантехник

Жылма-жылға "Республиқалық бюджет" Заныңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес, өсуі мүмкін

Келісім шарт негізінде мүмкіндігіне қарай


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады