Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой, Әйіпсай елді-мекендеріне көше атауларын беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 9 қарашадағы N 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 14 желтоқсанда N 7-5-103 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой елді-мекенінің тұрғындарының 2009 жылдың 27 қазандағы N 1, Әйіпсай елді мекенінің тұрғындарының 2009 жылдың 28 қазандағы N 2 жиналыстарының және 2009 жылдың 29 қазандағы Жаңақала аудандық ономастикалық комиссиясының отырысының N 2 хаттамаларына қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой елді-мекені бойынша мектеп орналасқан көшеге Файзолла Қошқарбаевтің, екінші ортадағы көшеге Бақыт Шернияздің, ауыл шетіндегі көшеге Жуалыой атаулары берілсін.
      2. Жаңақазан ауылдық округі Әйіпсай елді-мекені көшесіне Әйіпсай атауы берілсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өзіме қалдырамын.

      Жаңақазан ауылдық округінің әкімі        Ғ. Мирманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады