Зеленов аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 10-10 "Ауданның елді мекен жерлері бойынша жеке меншікке берілетін жер телімдері үшін төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 5 наурыздағы N 11-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 27 наурызда N 7-7-86 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 3-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 19.04.2012 № 3-10 шешімімен

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы""Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және нормативтік құқықтық актілерінді қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендіру мақсатында, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Зеленов аудандық мәслихаттың "Ауданның елді мекен жерлері бойынша жеке меншікке берілетін жер телімдері үшін төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 10-10 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-7-81 тіркелген, 2008 жылғы 14 наурызда аудандық "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің 2 тармағында "шешімнің" деген сөзден кейін "(нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2589 тіркелген, 2004 жылғы 31 сәуірде аудандық "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған)" сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады