Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 19 қыркүйектегі "Казталов ауданында мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету туралы" N 244 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 ақпандағы N 15 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 17 наурызда N 7-8-85 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 наурыздағы N 87 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2012.03.16 N 87 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабын және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 19 қыркүйектегі "Казталов ауданында мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету туралы" N 244 қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 18.10.2006 жылы N 7-8-31 санымен тіркелген аудандық "Ауыл айнасы" газетіне 6.11.2006 жылы жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерді жұмысқа орналастыру мекемелерінің тізіміне 30, 31 тармақтары мынадай редакцияда жасылсын:

      "30. Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 87;

      31. Казталов аудандық мәдени-демалыс орталығы 175".

      2. Осы қаулы баспасөзде ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К. Садбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі Е. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады