Аудан бойынша 2009 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 37 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 11 ақпанда N 7-9-73 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 307 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2009.12.31 N 307 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру бағытында 23 қаңтар 2001 жылғы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 31 бабына сай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынбасына сай 2009 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбелері мен қоғамдық жұмыстардың түрлері және қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" (Н. Оразов) мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға төленетін жалақы ең төменгі мөлшерінде кем болмайтын көлемінде жүргізілсін.

      4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (М. Ермеғали) аудан халқын еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында еңбек ақыларының уақытында төленуін және олардың жұмыс берушілермен арасында жасалатын құжаттарының заң талаптарына сай болуын қамтамасыз ету жүктелсін.

      5. Аудан әкімінің орынбасары А. Бралиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Утегулов

  Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 9 қаңтардағы
N 37 қаулысына қосымша

Аудан бойынша 2009 жылғы қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыратын мекемелердің тізбелері мен қоғамдық
жұмыстардың түрлері және қаржыландыру көздері

қ/с

Мекеме, ұйым, құрлымының атаулы тізбелері

Қоғамдық жұмыстың түрлері

Қаржыландыру көздері

1

Селолық округтер әкімшіліктері және оның аумағындағы бюджеттік мекемелер

Ауыл, село тазалығын сақтау (мерзімді уақытта қар аршу, көше сыпыру және күлқоқыстарды шығару). Көгалдандыру (ағаш егу, күтіп бағу, бағбан)

Жергілікті бюджет

2

Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі

Селолық округтердегі мал дәрігерлерге көмекші жұмысшы алу.
Ірі қара малын қолдан ұрықтандырушыға көмекші жұмысшыларын алу

Жергілікті бюджет

3

Қаратөбе ауданының ішкі істер бөлімі

Іс қағаз тасушы

Жергілікті бюджет

4

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім

Іс қағаз тасушы

Жергілікті бюджет

5

Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

Су жүйесін жүргізушіге көмекші алу

Жергілікті бюджет

6

Аудандық прокуратура

Күзетші

Жергілікті бюджет

7

Аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы

Іс қағаз тасушы

Жергілікті бюджет

8

"Қаратөбе балалар шығармашылық үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Маусымдық мал бақташы алу

Жергілікті бюджет

9

"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы

Іс қағаз тасушы

Жергілікті бюджет

10

Аудандық мәслихат

Іс қағаз тасушы

Жергілікті бюджет


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады