Үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 38 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 11 ақпанда № 7-9-74 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 149 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 09.10.2014 № 149 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Төмендегі тізімдегі мекемелер мен кәсіпорындарға үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
      1) Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны – 2 жұмыс орын;
      2) "Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі – 3 жұмыс орын;
      3) "Қаратөбе аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі – 1 жұмыс орын;
      4) "Қаратөбе аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын" – 1 жұмыс орын;
      5) "Қаратөбе ауданының N 21 кәсіптік мектебі" мемлекеттік мекемесі – 1 жұмыс орын;
      6) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2009.09.04 N 155 Қаулысымен.
      7) Аудандық пошта байланыс торабы – 1 жұмыс орын;
      8) Қаратөбе ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы Қазақстан Республикасы Әділет Министрілігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Батыс Қазақстан облысы халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік мекемесі филиалы - 1 жұмыс орын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Бралиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады