Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" N 138 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы N 441 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 20 желтоқсанда N 7-11-108 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 273 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 30.09.2010 N 273 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына сәйкес, аудандық деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы N 138 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-70 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 шілдеде "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) осы қаулының 10 қосымшасының 12-тармағы мынадай мазмұндағы 10 тармақшамен толықтырылсын:

      "10) Әлеуметтік жеке код, Тасқала аудандық зейнетақы төлеу орталығында беріледі, сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 08.30-17.30 дейін қабылдайды, үзіліс уақыты сағат 13.00-14.00 дейін, мекен-жайы: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Сапаров көшесі, 28, телефон: 21-2-58".

      2) осы қаулының 12 қосымшасының 12-тармағы мынадай мазмұндағы 7 тармақшамен толықтырылсын:

      "7) Әлеуметтік жеке код, Тасқала аудандық зейнетақы төлеу орталығында беріледі, сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 08.30-17.30 дейін қабылдайды, үзіліс уақыты сағат 13.00-14.00 дейін, мекен-жайы: Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Сапаров көшесі, 28, телефон: 21-2-58".

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі Ө. Мырзағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады