Шыңғырлау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының үш проценті квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 86 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 11 маусымда N 7-13-101 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы N 4 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2010.01.28 N 4 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарың басшылыққа ала отырып, ауданда мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шыңғырлау ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгiленсін.

      2. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Хангереев), селолық округ әкімдері, тиісті мекеме, кәсіпорын басшыларымен бірлесе отырып осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы М.Байменов

  Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 14 мамырдағы
N 86 қаулысына
ҚОСЫМША

Шыңғырлау ауданы көлемінде жұмыс
орындарының жалпы санының үш проценті
мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына
квота белгiленген мекеме, кәсіпорындардың
тізімі

Р/с

Мекеменің атауы

Жұмыс орындар саны

1

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

4

2

"Қазпочта" акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облыстық филиалы Шыңғырлау аудандық пошта байланысы торабы

1

3

"Л. Клышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі

1

4

"Шыңғырлау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі" мемлекеттік мекемесі

1

Барлығы

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады