Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2003 жылғы 27 желтоқсандағы "Селолық елді мекендері зоналарының шекараларын және жер учаскелері құнының базалық ставкаларына түзету коэффициентін бекіту туралы" N 3-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 тамыздағы N 21-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қыркүйекте N 7-13-110 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Селолық елді мекендері зоналарының шекараларын және жер учаскелері құнының базалық ставкаларына түзету коэффициентін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 желтоқсандағы N 3-2 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2450 тіркелген, 2004 жылғы 14 ақпандағы "Серпін" газетінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Шешімінің кіріспесі мынадай редакцияда жазалсын:
      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" кодексінің 9 бабының 3 тармағына, 11 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ".
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады