Қарағаш селолық округіндегі кейбір көшелер атауын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қарағаш селолық округі әкімінің 2009 жылғы 20 мамырдағы N 6 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 11 маусымда N 7-13-102 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қарағаш селолық округінің халық жиынының 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 6 "Қарағаш селолық округіндегі кейбір көшелер атауын өзгерту туралы" хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Қарағаш селолық округінің көше атаулары төмендегідей  өзгертілсін:
      Набережная көшесі - Б. Мухамбетов көшесіне;
      Советская көшесі - Ж. Жамбыл көшесіне;
      Молодежная көшесі - Қ. Абай көшесіне;
      50 лет Пионерий көшесі - Л. Клышев көшесіне ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарағаш селолық округінің бас маманы К. Алиеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағаш селолық округінің әкімі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады