Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 50 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 11 ақпандағы N 49 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6083 болып енгізілді

      Ескерту. 2011.01.01 бастап күші жойылды (5-тармақты қараңыз).

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;
      Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексеру парағы;
      Өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет (С.Ғ. Әубәкіров) және төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау (С.Б. Ахметов) комитеттері:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі         Экономика және бюджеттік
      _________________ В. Божко         жоспарлау министрі
                                         _____________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы        
Төтенше жағдайлар министрінің 
2010 жылғы 15 ақпандағы № 50  
және Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік      
жоспарлау министрінің         
2010 жылғы 11 ақпандағы № 49  
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Критерийлер жоспарлы тексерістер жүргізу үшін ұйымдар мен қауіпті өндірістік объектілерді анықтау және тәуекелдер дәрежесіне жатқызу кезінде қолданылады.
      3. Тәуекел - техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, өрттің, авариялар мен қақтығыстардың туындауы нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру, мүлікке және қоршаған ортаға зардап әкелу ықтималдығы.
      Тәуекелдерді бағалау жүйесі - ұйымдар мен қауіпті өндірістік объектілерді тексеруді жоспарлау мақсатымен өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар кешені.
      Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері - ұйымдар мен қауіпті өндірістік объектілерді әр түрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығы.
      4. Тәуекел дәрежесіне байланысты ұйымдар мен қауіпті өндірістік объектілер мынадай жоспарлы тексеріс жүргізу мерзімділігімен жоғары, орташа немесе шамалы тәуекел топтарына жатады:
      объектілердің жоғары дәрежелі тәуекелінде - жылына бір реттен;
      объектілердің орташа дәрежелі тәуекелінде - үш жылда бір реттен;
      объектілердің шамалы дәрежелі тәуекелінде - бес жылда бір реттен жиі емес.

2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

      5. Жоғары тәуекел дәрежесіне мынадай объектілер жатады:
      1) өнеркәсіптік және сақтау ұйымдары - барлық құрылыстардың 50 % астам көлемін алатын, жарылу өрт шығу және өрт қауіптілігі бойынша «А», «Б» және «В1»-«В4» санаттарындағы өндірістерімен;
      2) гидроэлектрстанциялары - қуаттылығы екі жүз елу мегаватт (бұдан әрі - МВт) және одан астам;
      3) жылу электр станциялары - қуаттылығы елу МВт және одан астам немесе үш жүз гигакалория және одан астам;
      4) газ турбиналық электр станциялары - қуаттылығы елу МВт және одан астам;
      5) шағын электр станциялары - кернеуі бір мың жүз елу киловольт және одан астам;
      6) білім беру мекемелері (мектептер, гимназиялар, балабақшалар, балалар үйлері, мектеп-интернаттар, жоғары оқу орындары және меншік нысанына қарамастан басқа да оқу орындары) - ауданына қарамастан;
      7) мәдени ойын-сауық, табыну және басқа да діни мекемелер - бір уақытта 100 адам және одан астам адам болады;
      8) спорт және дене шынықтыру, сауықтыру кешендері - бір уақытта 100 адам және одан астам адам болады;
      9) жатақханалар мен қонақ үйлер - сыйымдылығы 100 адам және одан астам;
      10) стационары бар денсаулық сақтау ұйымдары - ауданына қарамастан;
      11) сауда ұйымдары - құрылыстардың барлық ауданына 2500 шаршы метрден астам;
      12) әкімшілік ғимараттар - биіктігі 28 метрден астам;
      13) тұрғын үй ғимараттары - биіктігі 28 метрден астам;
      14) ауылшаруашылық, мал шаруашылығы объектілері және құс фабрикалары - құрылыстардың жалпы ауданы 1500 шаршы метрден астам;
      15) әуежайлар - ауданына қарамастан;
      16) теңіз және өзен порттары - ауданына қарамастан;
      17) темір жол және автомобиль вокзалдары - ауданына қарамастан;
      18) автокәсіпорындар - техника саны 50 бірліктен астам;
      19) мұнай базалары мен мұнай өнімдерін сақтау қоймалары - жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден астам;
      20) газ қоймалары мен газгольдер станциялары - сыйымдылығы 1000 текше метрден астам;
      21) мұрағаттар - ауданына қарамастан;
      22) әлеуметтік сала объектілері (қарттар мен мүгедектер үйлері, жетімханалар және т.б.) - ауданына қарамастан;
      23) жаңадан салынып және қайта салынып жатқан объектілер - ауданына қарамастан;
      24) демалыс үйлері мен аймақтары, жазғы сауықтыру лагерлері мен туристік базалар - бір уақытта 100 және одан астам адам болады.
      6. Орташа тәуекел дәрежесіне мынадай объектілер жатады:
      1) өнеркәсіптік және сақтау ұйымдары - барлық құрылыстардың 50 % аса көлемін алатын, жарылыс өрт және өрт қауіптілігі бойынша «А», «Б» және «В1»-«В4» санаттарындағы өндірістерімен;
      2) гидроэлектрстанциялары - қуаттылығы екі жүз елу МВт кем;
      3) жылу электр станциялары - қуаттылығы елу МВт кем немесе үш жүз Гкал кем;
      4) газ турбиналық электр станциялары - қуаттылығы елу МВт кем;
      5) шағын станциялар - кернеуі бір мың жүз елу КВ кем;
      6) мәдени ойын-сауық, спорт және дене шынықтыру, сауықтыру кешендері, ғибадат ету және басқа да діни мекемелер - бір мезгілде 100 адамнан кем болуы;
      7) тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету объектілері - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден астам;
      8) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден астам;
      9) жатақханалар мен қонақ үйлер - сыйымдылығы 100 адамнан кем;
      10) стационарсыз денсаулық сақтау ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден астам;
      11) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден астам;
      12) сауда ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 асады және 2500 шаршы метрден кем;
      13) ауыл шаруашылығы, мал шаруашылық объектілері мен құс фабрикалары - құрылыстардың жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем;
      14) әкімшілік ғимараттар - биіктігі 28 метрден кем және ауданы 150 шаршы метрден астам;
      15) тұрғын үй ғимараттары - жеке тұрғын үйлерді қоспағанда, биіктігі 28 метрден кем;
      16) автокәсіпорындар - техника саны 50 бірліктен кем;
      17) автокөлікке қызмет көрсету объектілері (авто жуу, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялары мен посттары және басқа) - ауданына қарамастан;
      18) мұнай базалары мен мұнай сақтау қоймалары - жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден кем;
      19) газ қоймалары мен газгольдер станциялары - сыйымдылығы 1000 текше метрден кем;
      20) авто құятын станциялар - жалпы сыйымдылығына қарамастан;
      21) байланыс кәсіпорындары мен теле, радио орталықтары - ауданына қарамастан;
      22) ғылыми-зерттеу және жобалық институттар - ауданына қарамастан;
      23) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі және екінші деңгейдегі банктер - ауданына қарамастан;
      24) демалыс үйлері мен зоналар, жазғы сауықтыру лагерлері мен туристік базалар - сыйымдылығы 100 адамнан кем;
      25) балалар клубтары - сыйымдылығы 25 адамнан кем.
      7. Шамалы тәуекел дәрежесіне мынадай объектілер жатады:
      1) өнеркәсіптік және сақтау ұйымдары - жарылыс өрт және өрт қауіптілігі бойынша «Г» және «Д» санаттарындағы өндірістерімен;
      2) сауда ұйымдары - құрылымдардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден кем;
      3) тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден кем;
      4) қоғамдық тамақтандыру ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден кем;
      5) стационары жоқ денсаулық сақтау ұйымдары - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден кем;
      6) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден кем;
      7) әкімшілік ғимараттар - құрылыстардың жалпы ауданы 150 шаршы метрден кем;
      8) ашық автотұрақтар, жер үстіндегі және жер астындағы гараждар - ауданына және авто техника сақтау санына қарамастан;
      9) саяжай және бақшалық қоғамдар - ауданына және учаскелер санынан қарамастан.

3. Өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласында тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

      8. Қауіпті өндірістік объектілердің тәуекел топтары мынадай тәртіппен орналастырылған:
      тәуекелдің жоғары дәрежесі - техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы ықтимал объектілер;
      тәуекелдің орташа дәрежесі - технологиялық үрдістердің тоқтауы және өндірістік персоналдың өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты авариялар, қақтығыстар туындауы ықтимал объектілер;
      тәуекелдің шамалы дәрежесі - техникалық құрылғыларды зақымдаумен, қызмет көрсетуші персоналдың өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты авариялар, қақтығыстар туындауы ықтимал объектілер.
      9. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне төмендегідей технологиялық процесстер мен қауіпті заттардың болуымен техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы мүмкін объектілер жатады:
      1) қара және түсті металл қорытпалары мен осы қорытпалар негізіндегі балқымалары, кен, геологиялық барлау, бұрғылау (оның ішінде теңіз шельфтері мен ішкі су қоймаларында), пайдалы қазбаларды игеру және байыту жөніндегі жарылыс жұмыстары, жер асты жағдайындағы жұмыстар, радиоактивті және ионды сәулелену көздері, қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық құрылыстары, қару-жарақ және оқ-дәрілер;
      2) төменде берілгендерден (тонна) аса қауіпті заттарды әзірлеу, өндіру, пайдалану, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, жою:
      Аммиак                                                     10
      Аммоний нитраты (аммоний нитраты немесе олардың        
      құрамында салмағы бойынша аммоний нитратынан
      азоттың болуы 28 % артық болатын аммоний қоспалары,
      сондай-ақ ондағы аммоний нитратының шоғыры салмағының
      90 % асатын аммоний нитратының сулы ерітінділері)         1250
      Тыңайтқыш түріндегі аммоний нитраты (аммоний нитраты    
      негізіндегі қарапайым тыңайтқыштар, сондай-ақ олардың
      құрамында аммоний нитратының болуы салмағынан 28 % артық
      болатын күрделі тыңайтқыштарда аммоний нитраты фосфатпен
      және (немесе) калиймен бірге келеді))                     5000
      Акрилонитрил                                               200
      Хлор                                                        10
      Этилен оксиді                                               50
      Цианды сутек                                                20
      Фтор сутегі                                                 50
      Күкірт сутегі                                               50
      Күкірт диоксиді                                            200
      Күкірт үшоксиді                                             75
      Қорғасын алкилдері                                          50
      Фосген                                                    0,75
      Метилизоцианат                                            0,15
      Хлорпикрин                                                0,55
      Бромметил                                                   15
      Металлил хлориді                                            20
      Тұз қышқылы                                                 40
      Азот қышқылы                                                25
      Тұтанғыш заттар                                            200
      Тауар-шикізат қоймаларында және базаларында бар жанғыш
      сұйықтықтар                                               2500
      Технологиялық үрдісте пайдаланылатын немесе
      магистралдық құбыр жолы бойынша тасымалданатын жанғыш
      сұйықтықтар                                                200
      Тотыққыш заттар                                            200
      Жарылғыш заттар                                             25
      Уытты заттар                                               200
      Уыттылығы жоғары заттар                                     20
      Қоршаған табиғи орта үшін қауіп тудыратын заттар           200
      10. Тәуекелдің орташа дәрежесіне төмендегі технологиялық процестер мен қауіпті заттардың болуы кезінде технологиялық процесстердің тоқтауымен байланысты авариялар, қақтығыстар туындауы мүмкін объектілер жатады:
      1) төмендегі берілгендерден (тонна) аса қауіпті заттарды әзірлеу, өндіру, пайдалану, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, жою:
      Аммиак                                                       10
      Аммоний нитраты (аммоний нитраты немесе олардың
      құрамында салмағы бойынша аммоний нитратынан азоттың
      болуы 28 % артық болатын аммоний қоспалары, сондай-ақ
      ондағы аммоний нитратының шоғыры салмағының 90 % асатын
      амоний нитратының сулы ерітінділері)                       1250
      Тыңайтқыш түріндегі аммоний нитраты (аммоний нитраты
      негізіндегі қарапайым тыңайтқыштар, сондай-ақ олардың
      құрамында аммоний нитратының болуы салмағынан 28 % артық
      болатын күрделі тыңайтқыштарда аммоний нитраты фосфатпен
      және (немесе) калиймен бірге келеді))                      5000
      Акрилонитрил                                                200
      Хлор                                                         10
      Этилен оксиді                                                50
      Цианды сутек                                                 20
      Фтор сутегі                                                  50
      Күкірт сутегі                                                50
      Күкірт диоксиді                                             200
      Күкірт үшоксиді                                              75
      Қорғасын алкилдері                                           50
      Фосген                                                     0,75
      Метилизоцианат                                             0,15
      Хлорпикрин                                                 0,55
      Бромметил                                                    15
      Металлил хлориді                                             20
      Тұз қышқылы                                                  40
      Азот қышқылы                                                 25
      Тұтанғыш заттар                                             200
      Тауар-шикізат қоймаларында және базаларында бар жанғыш
      сұйықтықтар                                                2500
      Технологиялық процесте пайдаланылатын немесе
      магистральды құбыржолы бойынша тасымалданатын жанғыш
      сұйықтықтар                                                 200
      Тотыққыш заттар                                             200
      Жарылғыш заттар                                              25
      Уытты заттар                                                200
      Уыттылығы жоғары заттар                                      20
      Қоршаған табиғи орта үшін қауіп тудыратын заттар            200
      11. Тәуекелдің шамалы дәрежесіне мынадай техникалық құрылғылардың болуы кезінде техникалық құрылғыларды зақымдаумен байланысты авариялар, қақтығыстар туындауы ықтимал объектілер жатады:
      1) 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе судың қайнау температурасы кезінде 115 Цельсий градусынан жоғары температурада жұмыс істейтін техникалық құрылғы;
      2) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;
      3) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері.
      12. Тәуекелдің жоғары, орташа және болмашы дәрежелеріне жататын қауіпті өндірістік объектілер тексерістер жоспарына кіргізіледі.
      13. Объектінің тәуекелінің аса жоғарғы тобына қатысы үшін негіз болуға жағдай жасаған қауіпті өндірістік фактордың зақымдану әсерін жою немесе төмендету кезінде объект тәуекелділіктің төменірек дәрежесі тобына өтеді.
      Бір топтағы тексерістер техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың, авариялар мен қақтығыстар көрсеткіштерінің өсу үдерісі бар объектілерден басталады.

Қазақстан Республикасы        
Төтенше жағдайлар министрінің 
2010 жылғы 15 ақпандағы № 50  
және Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік      
жоспарлау министрінің         
2010 жылғы 11 ақпандағы № 49  
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Нысан

Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексеру парағы

Ұйымның атауы ________________________________________________   Объектінің атауы _____________________________________________     Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________

1. Ұйымдастыру іс-шаралары

      1. Объектінің персоналын өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелеріне оқытуды жүргізу.
      2. Ұйымның өрт қауіптілігіне сәйкес келетін өртке қарсы режимді белгілеу.
      3. Әрбір жарылыс қауіпті және өрт қауіпті учаскеге (шеберханаға, цехқа) арналған өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтың болуы.
      4. Өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуациялау жоспарларының (кестелерінің) болуы.
      5. Жеке жұмыс учаскелерінде өрт қауіпсіздігіне жауапкершілік атқаратын (бұйрықтар, міндеттер, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқау журналдары) және өрттен қорғау жүйелерін пайдалануға, электр шаруашылығына, өрт сөндіру автоматикасына, бастапқы өрт сөндіру құралдарының сақталуы мен іске қосылуы дайындығына жауапкершілік атқаратын тұлғалардың болуы.
      6. Өрт-техникалық комиссиясы мен ерікті өртке қарсы құралымдардың болуы және олардың қызметі.
      7. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша кабинеттерді, бұрыштарды өрт қауіпсіздігі жөніндегі оқу құралдарымен жабдықтау.

2. Объектінің аумағын ұстау

      8. Өрт техникасы үшін ғимараттарға, құрылыстар мен өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне жолдармен және кіреберіс жолдармен қамтамасыз етілуі, олардың жай-күйі.
      9. Объект аумағына шығу саны.
      10. Ғимараттар немесе құрылыстар арасындағы өртке қарсы қабыспайтын жерлердің болуы және олардың жай-күйі (уақытша құрылыдарды, ғимараттарды орналастыру).
      11. Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтауды ұстау, техникалық жай-күйі, пайдалану (тексеріс жылына екі реттен кем емес жүргізілуі қажет, люктерді қысқы уақытта қар мен мұздан тазарту және жылыту).
      12. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздері орналасқан орындарын көрсеткіштермен қамтамасыз етілуі.
      13. Аумақты, ғимараттарды, су көздеріне кіреберістерді түнгі уақытта жарықтың болуымен қамтамасыз ету.

3. Ғимараттар мен құрылыстарды ұстау

      14. Ғимараттар мен құрылыстардан эвакуациялық шығу орындарының саны және олардың жобалық шешімге сәйкес болуы.
      15. Эвакуациялау жолдарының жай-күйі (қабырғалардың, едендердің, төбелердің жанатын өңдеулер; жарықтың түсуі, эвакуациялық жолдар мен шығу орындарының өлшемдері мен көлемді жоспарлау шешімдері, сондай-ақ, эвакуациялау жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы; эвакуациялық жолдар мен шығу орындарын ыбырсыту, авариялық және эвакуациялық жарық түсірудің болуы).
      16. Есіктерді ашу бағыты мен олардың отқа төзімділігі.
      17. Басқыш шабақтары марштарының астында қойма, үй-жайлардың жоқ болуы.
      18. Басқыш шабақты жертөле мен шатырдан оқшаулау.
      19. Құрылыс конструкцияларының оттан қорғау жабындыларының жай-күйі және олардың болуы.
      20. Жертөлеге немесе шатырға апаратын есіктер мен люктердің жай-күйі.
      21. Жертөлелердің, шатырлардың, техникалық үй-жайлардың жай-күйі мен оларды пайдалану.
      22. Автоматты өрт анықтау және сөндіру, өрт туралы хабарлау құралдарының болуы, оларды ұстау және пайдалану.
      23. Ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесін ұстау, пайдалану (егер құрылыс нормалары мен ережелері бойынша қажет болса).
      24. Алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы және оларды ұстау.
      25. Объектінің өртке қарсы қабырғалары мен аражабындарының отқа төзімділік дәрежесі бойынша сәйкестігі.
      26. Ғимаратты өртке қарсы қабырғалармен бөліктерге бөлу.
      27. Өртке қарсы қабырғалардың ойықтарды өртке қарсы қақпалармен, есіктермен, люктермен және терезелермен толтырудың болуы.
      28. Қосалқы үй-жайларды өндірістік үй-жайлардан бөлу (қабырғалар, аражабындар, тамбур-шлюз, қақпалар, есіктер және люктер).
      29. Қоймаларды өндірістік және қоғамдық үй-жайлардан бөлу (қабырғалар, аражабындар, тамбур-шлюз, қақпалар, есіктер және люктер).
      30. Сақтау объектілерін (қойма үй-жайлары) ұстау.
      31. Қайта жоспарлау, қызметтік мақсатын өзгерту немесе объектіге жаңа жабдықты орнату кезінде нормалар мен ережелердің талаптарын сақтау.
      32. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылымдардың шатырларында  сыртқы өрт сатыларының болуы және олардың жарамдылығы.
      33. Өндірістік ғимараттардағы өрт қауіптілігі әр түрлі үй-жайларды бір-бірінен бөлу (тамбур-шлюз, қақпалар, есіктер, люктер).

4. Желдеткіш қондырғылар

      34. Желдеткіш жүйелерінің жобалық шешімге сәйкестігі.
      35. Ауа өткізгіштердің, сүзгіштердің, желдеткіш камералардың, циклондардың материалдары, ауа өткізгіштердің отқа төзімділігі.
      36. Қосқыштардың тығыздылығы және ауа өткізгіштерді тексеруге және тазартуға арналған құрылғылар.
      37. Транзиттік ауа өткізгіштерді төсеу.
      38. Қызған газ немесе жану өнімдері тасымалданатын ауа өткізгіштерден бөлінулер мен шегіністер.
      39. А, Б және В санатты өндірістердің сорғы желдеткіш жүйелерінің (қабаттар мен үй-жайлар бойынша) бөлінуі.
      40. Отты ұстап тұратын құрылғыларының болуы (өртке қарсы клапандар мен ысырмалар).
      41. Желдеткіш жүйелерінің жарамдылығы (авариялық және түтінге қарсы).
      42. Өрт автоматикасымен жабдықтау (қажеттілігіне қарай).
      43. Желдеткіш жүйелерінің дұрыс төселуі (көршілес коммуникацияларға дейінгі қашықтық, басқыш шабақтары арқылы төсеуге жол бермеу, дәліздерде төсегенде эвакуация жолдарының көлемін кішірейтуге жол бермеу).
      44. Өрт шыққанда желдеткіш жүйелерін ажырату.

5. Дәнекерлеу және от жұмыстарын жүргізу тәртібі

      45. Дәнекерлеу және от жұмыстарын жүргізу үшін жауапты тұлғалар мен орны туралы бұйрықтардың болуы.
      46. Тұлғаларға дәнекерлеу және от жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру.
      47. Дәнекерлеу және от жұмыстарын жүргізу орындарындағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйі (учаскені, аумақты ұстау, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы).
      48. Дәнекерлеу, от және басқа да өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу регламенті (тексеру, дайындау, бақылау және жұмысты аяқтау тәртібі).
      49. Жұмысты жүргізуге арналған жабдықтың жай-күйі (жарамдылығы, электр және газ жабдығын тексеру).
      50. Электр және газ жабдығын ашық ауада, өрт қауіпті үй-жайларда дұрыс пайдалану.

6. Электр желілерін, электр қондырғылары мен электр техникалық бұйымдарды пайдалану

      51. Электр желілерін, электр қондырғыларын және электр техникалық бұйымдардың қорғау дәрежелері өрт қауіптілік классына сәйкес болуы.
      52. Қысқа түйісу тоқтарынан және басқа да қалыпсыз режимдерден (сақтандырғыштың ерігіш кірістіргіштері) қорғау аппараттарының сәйкес болуы.
      53. Таратушы құрылғыларын, аппараттарын және өлшеуіш құралдарын сонымен қатар, жарылатын типті сақтандырғыш құрылғыларын, жанғыш емес негіздерінде ажыратқыштарын монтаждау.
      54. Электр өткізгіштері мен кабельдері сымдары тармақтары қосқыштарының сәйкестігі (сығымдау, дәнекерлеу, еріту немесе арнайы қысқыштар).
      55. Электр қондырғыларын пайдалану тәртібі.
      56. Қорғайтын жерге қосқыш пен найзағайдан қорғағыштың жарамдылығы.

7. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет

      57. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жұмысын ұйымдастыру.
      58. Жай-күйі, техникалық жарақтануы және жауынгерлік дайындығы.
      59. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет туралы ереже (саны, құрылымы, жұмыс тәртібі).
      60. Кәсіби дайындықты ұйымдастыру.

8. Ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды жылыту жүйесі

      61. Жылыту жүйесінің жарамдылығы.
      62. Жылу өндіретін аппараттарды (пешпен жылыту) пайдалану.

9. Өрт автоматикасын пайдалану

      63. Өрт автоматикасының болуы және оның жай-күйі. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі қол қойған, өрт автоматикасын пайдалануға қабылдау актілерінің болуы.
      64. Өрт автоматикасына техникалық қызмет көрсету мен өрттің алдын алу жұмыстарына шарттың болуы немесе мамандандырылған персоналдың болуы.
      65. Өрт автоматикасын пайдалану жөнінде қажетті құжаттама мен журналдардың болуы.
      66. Адамдарды эвакуациялау бойынша объект персоналының жаттығуын өткізу.

10. Құрылыс (қайта салу) объектілері

      67. Құрылыс жүргізуге (қайта салуға) жобалық құжаттамасының болуы және өртке қарсы талаптарға сәйкес келуі.
      68. Құрылыс, ғимараттар мен үй-жайлар аумағының жай-күйі.
      69. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында өртке қарсы талаптарды сақтау.

      Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы:

      ___________________  ____________  __________________________
         (лауазымы)           (қолы)              (Т.А.Ә.)

      Бақылау субъектісі:

      ___________________  ____________  __________________________
         (лауазымы)           (қолы)              (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы        
Төтенше жағдайлар министрінің 
2010 жылғы 15 ақпандағы № 50  
және Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік      
жоспарлау министрінің         
2010 жылғы 11 ақпандағы № 49  
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Нысан

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеру парағы

Ұйымның атауы _________________________________________________
Объектінің атауы ______________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы __________________________________

      1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдану.
      3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
      4. Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде немесе мемлекеттік инспектордың ұйғарымы бойынша ғимараттың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізілуін, тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының келісілуін, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыстар мен техникалық құрылғыларға, материалдарға диагностика, сынақ, растау жүргізілуін қамтамасыз ету.
      5. Алдағы уақытта пайдаланудың ықтимал мерзімін анықтау үшін пайдаланудың нормативтік мерзімінен өткен техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптама жүргізу.
      6. Белгіленген талаптарға сай келетін лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлерді қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа жіберу.
      7. Қауіпті өндірістік объектілерге бөгде адамдардың кіруін болғызбау.
      8. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне өндірістік бақылауды ұйымдастыру тәртібі туралы және оны жүзеге асыруға уәкілетті жұмыскерлер туралы мәліметтерді ұсыну.
      9. Авариялардың туындау себептеріне талдау жүргізу, авариялардың және олардың зардаптарының алдын алу, оларды жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру.
      10. Уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін, жергілікті мемлекеттік басқару органдарын, халықты және жұмыскерлерді авариялар туралы дереу хабардар ету.
      11. Авариялардың есебін жүргізу.
      12. Мемлекеттік инспекторлар берген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуды жою жөніндегі ұйғарымды орындау.
      13. Қауіпті өндірістік объектінің қаржы-экономикалық қызметінің жоспарларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шығындарды көздеу.
      14. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне авариялар, жарақат алу және кәсіби аурулар туралы ақпарат ұсыну.
      15. Қызметі үшінші тұлғаларға залал келтіру қаупіне байланысты декларациялануға жататын қауіпті өндірістік объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
      16. Мемлекеттік органдарға, азаматтарға қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы дұрыс ақпарат ұсыну.
      17. Өзінің нормативтік мерзімін өтеген техникалық құрылғылардың, материалдардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету.
      18. Қауіпті өндірістік объектілерді декларациялау.
      19. Жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдық-техникалық іс-шаралардың белгіленген талаптарына сәйкес қауіпті өндірістік объектінің жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз ету.
      20. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды және аттестаттауды қамтамасыз ету.
      21. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және құрылымдары мен қызмет көрсетуге шарт жасасу немесе жеке кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін және құрамаларын құру.
      22. Аварияның зардаптарын оқшаулау және оларды жою үшін материалдық резервтер мен қаржы ресурстарының болуы.
      23. Жұмыскерлерді қауіпті өндірістік объектілерде авария болған жағдайда қорғану және әрекет ету әдістеріне оқыту.
      24. Қауіпті өндірістік объектілерде авария болған жағдайда бақылау, хабарлау, байланыс және іс-әрекетті қолдау жүйелерін жасау және олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
      25. Қауіпті заттардың өнеркәсіптік объектіде болуы осы Заңның қосымшасына сәйкес декларациялау үшін негіз болып табылатын, олардың тасымалданатыны туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне үш тәулік бұрын хабарлау.
      26. Қауіпті өндірістік объектілерді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепке алуды, есептен шығаруды жүзеге асыру.
      27. Қауіпті өндірістік объектілердің құрылысына, оларды реконструкциялауға, жаңғыртуға, жоюға (соның ішінде таратуға) арналған жобаларды уәкілетті органмен келісу.
      28. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдалануға беру кезінде уәкілетті орган өкілінің қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргізу.
      29. Аварияларды жою жоспарының болуы, оның мазмұны.
      30. Оқу дабылдары мен аварияларға қарсы жаттығулар өткізу.
      31. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге құқық беретін аттестаттың болуы.

      Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы:

      ___________________  ____________  __________________________
         (лауазымы)           (қолы)            (Т.А.Ә.)

      Бақылау субъектісі:

      ___________________  ____________  __________________________
         (лауазымы)           (қолы)            (Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады