Сырттай байқау әкімшісінің, оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қызметін тексеру жөніндегі тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 23 ақпандағы N 79 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 100 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6104 болып енгізілді. 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады

      Ескерту. Осы бұйрық 2011.01.01 дейін қолданылады (5-т.).

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Сырттай байқау әкімшісінің, оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қызметін тексеру жөніндегі тексеру парақтарының нысандары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (Н.Д. Үсенова):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасы     Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі             Экономика және бюджеттік
      ________ Б. Жәмішев        жоспарлау министрі
                                 _____________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің        
2010 жылғы 23 ақпандағы  
№ 79 және         
Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрінің    
2010 жылғы 25 ақпандағы  
№ 100 бірлескен бұйрығымен
бекітілген       

      Нысан     

Сырттай байқау әкімшісінің қызметін тексеру жөніндегі тексеру парағы

      Тексерісті тағайындаған банкроттық саласындағы уәкілетті орган (Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті, Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы)
___________________________________________________________________
Ұйғарым __________________________________________________________
                                   (№, күні)
Сырттай байқау әкімшісінің Т.А.Ә.
___________________________________________________________________
СТН _______________________________________________________________
ЖСН/БСН (болған жағдайда)__________________________________________
Мекен жайы, орналасқан жері _______________________________________

Р/с

Талаптар тізбесі

1

Сотқа борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қолдану, сондай-ақ мұндай шаралардың күшін жою туралы өтініштің бар болуы

2

Түгендеу актілері бойынша борышкердің мүлкіне салыстыру жүргізу

3

Борышкерден берешек сомасы көрсетілген оның кредиторлары мен дебиторларының толық тізбесін, активтері мен пассивтері толық көрсетілген балансын, борышкердің қаржылық жағдайы туралы есепті және басқа да қажетті ақпаратты талап ету

4

Сот алдында үшінші тұлғалардан қажетті құжаттарды, қорытындыларды табыс ету және (немесе) оларды талап ету, олардың борышкердің алдыңғы үш жылдағы қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты өзге мәліметтерді табыс етуі туралы өтініш жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мәліметтермен олар орналасқан жерде танысу

5

Сырттай байқау рәсімі енгізілгенге дейінгі алдыңғы үш жыл ішінде жасалып, борышкердің қаржылық жағдайын нашарлатқан мәмілелерді анықтау, борышкерден оларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен бұзуды талап ету

6

Борышкерден осы Заңның 41-7-бабында көзделген өзінің міндеттерін орындауын талап ету

7

Борышкерге қатысты өз іс-әрекеттерін кредиторлар комитетімен келісу

8

Борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және оны қорғау жөнінде шаралар қолдану

9

Әдейі және жалған банкроттық белгілерінің бар екенін анықтау және анықталған белгілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлау не борышкерден оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп тануын талап ету

10

Борышкерден дебиторлық берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қолдануын талап ету

11

Уәкілетті органның сұрауы бойынша оған сырттай байқау рәсімі бойынша қажетті ақпарат беру

12

Сырттай байқау кезеңі аяқталғаннан кейін кредиторлар комитетімен және уәкілетті органмен келісілген, борышкердің төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігі және оған қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы не борышкерді банкрот деп тану туралы қорытындысы бар өз қызметі туралы есепті сотқа табыс ету

13

Қорытынды есепті тапсыру мерзімін бұзбау

Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы (-лары):

_______________    ________________  _______________________________
  (лауазымы)            (қолы)                   (Т.А.Ә)
_______________    ________________  _______________________________
  (лауазымы)            (қолы)                   (Т.А.Ә)
_______________    ________________  _______________________________
  (лауазымы)            (қолы)                   (Т.А.Ә)

Сырттай байқау әкімшісі:

___________________________________________        ________________
                (Т.А.Ә.)                                 (қолы)
___________________________________________        ________________
                (Т.А.Ә.)                                 (қолы)

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің        
2010 жылғы 23 ақпандағы  
№ 79 және         
Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрінің    
2010 жылғы 25 ақпандағы  
№ 100 бірлескен бұйрығымен
бекітілген         

             Нысан    

Оңалтушы басқарушының қызметін тексеру жөніндегі тексеру парағы

      Тексерісті тағайындаған банкроттық саласындағы уәкілетті орган (Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті, Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы)
____________________________________________________________________
Ұйғарым ____________________________________________________________
                                 (№, күні)
Оңалтушы басқарушының Т.А.Ә.
____________________________________________________________________
СТН ________________________________________________________________
ЖСН/БСН (болған жағдайда) __________________________________________ Мекенжайы, орналасқан жері _________________________________________

Р/с

Талаптар тізбесі

1

Кредиторлар комитетімен жасалған келісімнің талаптарын орындау

2

Әкімшілік шығындар сметасында көзделген қаржыны дұрыс пайдалану

3

Келісімді жарамсыз деп танып, борышкердің тапсырған, соның ішінде жалға берген мүлкін қайтаруды талап ету немесе кредиторлар талабына залал келтірмейтіндей банкроттық туралы іс қозғаудан 3 жыл бұрын мүлікті тегін, нарықтық бағадан төмен бағамен немесе негізсіз сатып алған тұлғалармен жасалған келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету

4

Кредиторлар алдындағы міндеттерді мерзімінен бұрын өтеп, өзге кредиторлар талабына залал келтірмейтіндей, банкроттық туралы іс қозғаудан 3 жыл бұрын борышкердің тапсырған мүлкін қайтаруды талап ету

5

Әдейі және жалған банкроттық белгілерінің бар екенін анықтау және анықталған белгілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлау не борышкерден оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп тануын талап ету

6

Белгіленген тәртіппен кредиторлардың талаптарын орындау үшін олармен есеп айырысу

7

Уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап он күн мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында борышкерге оңалту рәсімін қолдану және кредиторлар талаптарын білдіру тәртібі туралы жарияланымды мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау

8

Оңалту жоспарын орындау

9

Кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін кредиторлар алдындағы берешекті өтеу бөлігінде оңалту жоспарына өзгерістер енгізу туралы сотқа өтініш жіберу

10

Кредиторлар талаптарының тізілімін түзу және жүргізу

11

Егер борышкердің оңалту рәсімін енгізгеннен кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы оңалту рәсімін енгізген кездегі несиелік берешектің жалпы сомасының жиырма процентінен асса, борышкердің ақшалай жаңа міндеттемелерін туғызатын мәмілелерді кредиторлар комитетімен келісу

12

Кредиторлар талаптарын алғаннан бастап оны уақытында қарастыру және тізілімге енгізу

13

Кредиторлар комитетінің келісімінде анықталған смета көлемінде пайда болуына байланысты әкімшілік шығындар сомасын төлеу

14

Қорытынды есепті тапсыру мерзімін бұзбау

Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы (-лары):
_______________    ________________  _______________________________
  (лауазымы)            (қолы)                   (Т.А.Ә)
_______________    ________________  _______________________________
  (лауазымы)            (қолы)                   (Т.А.Ә)
_______________    ________________  _______________________________
  (лауазымы)            (қолы)                   (Т.А.Ә)

Оңалтушы басқарушы:
___________________________________________        ________________
                (Т.А.Ә.)                                 (қолы)
___________________________________________        ________________
                (Т.А.Ә.)                                 (қолы)
 

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің        
2010 жылғы 23 ақпандағы  
№ 79 және         
Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрінің    
2010 жылғы 25 ақпандағы  
№ 100 бірлескен бұйрығымен
бекітілген         

Нысан

Конкурстық басқарушының қызметін тексеру жөніндегі тексеру парағы

      Тексерісті тағайындаған банкроттық саласындағы уәкілетті орган (Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті, Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы)
________________________________________________________________
Ұйғарым ________________________________________________________
                                (№, күні)
Конкурстық басқарушының Т.А.Ә.
________________________________________________________________
СТН ____________________________________________________________
ЖСН/БСН (болған жағдайда) ______________________________________
Мекенжайы, орналасқан жері _____________________________________  

Р/с

Талаптар тізбесі

1

Кредиторлар комитетімен жасалған келісімнің талаптарын орындау

2

Әкімшілік шығындар сметасында көзделген ақшаны дұрыс пайдалану

3

Әдейі немесе жалған банкроттық белгілерін анықтаған жағдайда лауазымдық тұлғаларды Қазақстан Республикасы  заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына шағымдану

4

Келісімді жарамсыз деп танып, борышкердің тапсырған, соның ішінде жалға берген мүлкін қайтаруды талап ету немесе кредиторлар талабына залал келтірмейтіндей банкроттық туралы іс қозғаудан 3 жыл бұрын мүлікті тегін, нарықтық бағадан төмен бағамен немесе негізсіз сатып алған тұлғалармен жасалған келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету

5

Кредиторлар алдындағы міндеттерді мерзімінен бұрын өтеп, өзге кредиторлар талабына залал келтірмейтіндей, банкроттық туралы іс қозғаудан 3 жыл бұрын борышкердің тапсырған мүлкін қайтаруды талап ету

6

Конкурстық іс жүргізудің мерзімдерін сақтау

7

Кредиторлар комитетінің құрамын уақытында қалыптастыру

8

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкер тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында борышкерді банкрот деп тану туралы және конкурстық іс жүргізілетіні туралы хабарландыруды мемлекеттік және орыс тілдерінде уақытында жариялау

9

Статистика жөніндегі мемлекеттік органның уәкілетті аумақтық бөлімшесіне заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешімнің көшірмесін уақытында табыс ету

10

Борышкердің мүлкін қорғау және бақылау

11

Борышкер алдында берешегі бар тұлғаларға талап қою

12

Банкроттың қызметкерлеріне алдағы уақытта еңбек шарты бұзылатыны туралы ескерту

13

Уәкілетті органмен сату жоспарын келісу және кредиторлар комитетіне бекітуге тапсыру

14

Уәкілетті органның сұратуы бойынша қажетті ақпаратты табыс ету

15

Кредиторлармен есеп айырысу

16

Борышкерді банкроттыққа жеткізген жауапты тұлғаларды (лауазымды тұлғаларды, борышкердің қатысушыларын (құрылтайшыларды) анықтау

17

Кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізу

18

Түгендеуді жүргізу

19

Сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін банкрот деп танылған кәсіпорынның банктік шоттарын жабуға, салық органына салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің (олар бар болса) бланкілерін тапсыру

20

Кредиторлар талаптарын уақытында қарастыру

21

Белгіленген тәртіппен кредиторлардың талаптарын орындау үшін олармен есеп айырысу

22

Дебиторлық қарызды қоса борышкердің мүлкін (қаражатын) бағалау үшін конкурстық негізде қажетті мамандарды тарту

23

Сату жоспарына сәйкес борышкердің мүлкін сатуды жүзеге асыру

24

Борышкердің жерді пайдалану құқығын сәйкесінше ресімдеу

25

Ауыл шаруашылық ұйымдарды конкурстық массаға алғашқы рет бір лот түрінде қою

26

Қорытынды есепті тапсыру мерзімін бұзбау

Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы (-лары):
_______________    ________________  _______________________________
  (лауазымы)            (қолы)                   (Т.А.Ә)
_______________    ________________  _______________________________
  (лауазымы)            (қолы)                   (Т.А.Ә)
_______________    ________________  _______________________________

Конкурстық басқарушы:
 
 

___________________________________________        ________________
                (Т.А.Ә.)                                 (қолы)
___________________________________________        ________________
                (Т.А.Ә.)                                 (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады