Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 18 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6134 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есепті қарау ережесі:
      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      «13-1. Келесі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін банктің барынша төмен кредиттік рейтингі алдыңғы шығарылымдардың облигациялары айналыста бар болғанда «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасынан төмен емес болуы тиіс.»;
      14-тармақтың екінші бөлігінде:
      2) тармақшада:
      «эмитенттің» деген сөз «банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «.» деген тыныс білгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) келесі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға беру күнінде банктің осы Ереженің 13-1-тармағында белгіленген барынша төмен кредиттік рейтингі бар.».
      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Осы қаулының 2 және 3-тармақтарының қолданысы 2010 жылғы 01 ақпаннан бастап туындайтын қатынастарға таралады.
      5. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      6. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

      Төрайым                                      Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады