Мүлікті бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 138 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 17 Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6271 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 355 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрдің м.а. 2011 жылғы 21 қазандағы N 341 Бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.10.31 № 355 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрдің м.а. 2011.10.21 N 341 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Кешенді және тақырыптық тексерулер бойынша тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (Ә.Т. Аманбаев):
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін оның ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.             Экономикалық даму және сауда ________ Д. Құсдәулетов             министрі
                                    _______________Ж. Айтжанова

      Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің    
2010 жылғы 23 сәуірдегі № 138
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің 2010 жылғы   
29 сәуірдегі № 17    
Бірлескен бұйрығымен   
бекітілген        

Мүлікті бағалау қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы Критерийлер мүлікті бағалау бойынша лицензиаттарды тәуекел дәрежесіне жатқызу мақсатында тәуекел көрсеткіштерін анықтау үшін «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дайындалды.
      2. Осы Критерийлерде келесі ұғымдар қолданылды:
      1) тәуекел – экономикалық қылмыстардың алғышарты, сондай-ақ қызметті тұтынушылардың, үшінші жақтың мүліктік мүддесіне қайшы бола алатын, жоқ объектіге немесе бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, бағалау стандарттарының талаптарын бұза отырып, бағалау туралы есепте бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге құнын бұрмалауға әкеп соғатын бұрыс деректерді пайдалана отырып, жүзеге асырылған бұрыс бағалау;
      2) тәуекелді бағалау жүйесі – бақылау функциясын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган мүлікті бағалау бойынша лицензиаттарға тексерулерді жоспарлау мақсатында жүргізетін іс-шаралар кешені.
      3) тәуекел дәрежесін бағалау критерийі – жеке кәсіпкерлік субъектілерін түрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін, лицензиаттың тікелей қызметімен байланысты, сандық және сапалық көрсеткіштер кешені.
      4) бақылау субъектісі – мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда), зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды және жеке тұлға (бұдан әрі – Лицензиат).
      3. Лицензиаттардың қызметінің тәуекелдерін бағалау мүлікті бағалау қызметі саласындағы жұмыс өтілі, мүлікті бағалау саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасы, сондай-ақ тексерулердің нәтижелері ескеріледі және келесі тәртіпте жүргізіледі:
      1) мүлікті бағалау қызметі саласындағы жұмыс өтілі ескерілген субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша жіктеу;
      2) мүлікті бағалау саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасын және тексерулердің нәтижелерін ескеріп, Лицензиат қызметінің сапалық көрсеткіштеріне сәйкес субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша жатқызу.
      4. Мүлікті бағалау қызметі саласындағы жұмыс өтілі ескерілген субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша жіктеу:
      маңыздылығы жоғары субъектілер - мүлікті бағалау қызметі саласындағы жұмыс өтілі 5 жылға дейінгі Лицензиаттар;
      маңыздылығы орташа субъектілер - мүлікті бағалау қызметі саласындағы жұмыс өтілі 5 жылдан 10 жылға дейінгі Лицензиаттар;
      маңыздылығы төмен субъектілер - мүлікті бағалау қызметі саласындағы жұмыс өтілі 10 жылдан жоғары Лицензиаттар.
      5. Субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша жатқызу кезінде мүлікті бағалау қызметі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық критерийлеріне байланысты субъектілер қайта бөлінеді.
      Тәуекелді бағалау бар ақпаратты жүйелі қолдану жолымен жүргізіледі.
      Әділет органдары бұрынғы жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің деректерін, құқық қорғау органдары және соттар ұсынған мәліметтерін, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен арыздарын, бағалаушылар палаталарынан алынған мәліметтерді сондай-ақ Лицензиаттардың қызметі туралы басқа құжаттарды және (немесе) мәліметтерді талдауды жүзеге асырады.
      Баллдар келесі критерийлерге сәйкес беріледі:
      1) бағалау жүргiзу шарттары бойынша Лицензиатта бұзушылықтардың болуы:
      шарттардың нысаны мен мазмұны бойынша бұзушылықтардың болуы – 2 балл;
      бағалау қызметі саласында заңнама тыйым салатын жағдайларда шартқа отыру – 3 балл;
      2) бағалау есебі бойынша бұзушылықтардың болуы:
      бағалау нәтижесіне әсер етпейтін есептердің нысаны мен мазмұны бойынша бұзушылықтардың болуы – 2 балл;
      бағалау нәтижесіне әсер ететін есепке және әдістерге қойылатын талаптарды бұзу – 3 балл;
      3) бұзушылықтардың қайталануы:
      әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір және одан көп жылдан кейін қайта жасалған бұзушылықтар – 2 балл;
      әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған бұзушылықтар – 3 балл;
      4) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзуды жоймау – 3 балл;
      5) бағалау жүргiзу шарттарының нөмiрлерi көрсетілген хронологиялық тәртiпте бағалау жүргiзу есептерiнiң кiтабын жүргiзубеуі – 1 балл;
      6) бағалау туралы жасалған есептердi (5 жыл бойы) сақтау талабын ұстанбауы – 2 балл;
      7) бағалаушылармен объектілерді тікелей зерттеуді жүзеге асырмауы – 3 балл;
      8) азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы сақтандыру полисінің болмауы – 3 балл;
      9) негізді арыздың болуы – 3 балл;
      10) есепті заңды емес деп тануы туралы бір немесе одан көп сот шешімінің (бағалаушыға қатысты жеке ұйғарымның) болуы – 20 балл;
      11) Лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу дұрыс емес ақпарат беруі – 20 балл;
      12) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуі – 20 балл.
      6. Әр тәуекел критерийі бойынша шекті мөлшерде тиісті балл беріледі.
      7. Барлық критерийлер бойынша жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшін тәуекел критерийлері бойынша баллдар қосылады.
      8. Барлық критерийлер бойынша жиынтық қорытындының нәтижесі Лицензиаттарды тәуекел дәрежесі бойынша дифференциациялау үшін қолданылады.
      9. Тәуекел дәрежесі бойынша Лицензиаттарды дифференциациялау келесі түрде жүргізіледі:
      жоғары дәрежелі тәуекел – 21 баллдан жоғары;
      орташа дәрежелі тәуекел – 12-ден 20 баллға (қоса алғанда) дейін;
      төмен дәрежелі тәуекел – 11 баллға дейін (қоса алғанда).
      10. Бір тәуекел топтың ішінде жоспарлы тексеру жүргізуге Лицензиаттарды баллдардың көптігі принципі бойынша сұрыптау жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады