Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 111 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6393 болып енгізілді

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Заң департаменті (Н.В. Сәрсенова):
      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

      Төрағаның міндетін атқарушы                Қ. Қожахметов

Қазақстан Республикасы     
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының         
2010 жылғы 15 шілдедегі   
№ 111 қаулысының қосымшасы 

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесі

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 173 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.2016 № 5 қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген) қаулысына:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңдар қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 8-тармақтың үшінші, төртінші абзацтарын, 13-тармақтың төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарын, 20-тармақтың бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».
      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28  № 170(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкестендіру нөмiрлерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген) қаулысына:
      2-тармақта «2010 жылғы 13 тамыздан бастап» деген сөздер және цифрлар «2012 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады