Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 "Өтініш-декларациясын тіркеу ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 170 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6397 болып енгізілді

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының үшінші бөлімінің 3), 3-1) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 «Өтініш–декларациясын тіркеу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5359 тіркелген, 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 184 (1410) «Заң газеті» газетінде жарияланған) бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Кіріспе бөлімі келесі редакцияда жазылсын:
      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының үшінші бөлімінің 3), 3-1) тармақшаларына сәйкес»;
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өтініш-декларациясын тіркеу ережесінде:
      6-тармақ келесі мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «Сәйкестікті растау жөніндегі органына өтініш берушімен ұсынылатын құжаттар, мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ұсынылады, егер ұсынылған құжаттар шет тілінде құрылған болса, оған мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармасы қосымша ұсынылады.»;
      7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «7. Өтініш-декларациясы сәйкестікті растау жөніндегі органымен көрсетілген бұйрықпен нысан бойынша осы Eреженің қосымшасына сәйкес ресімделеді»;
      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комиеті Төрағасының 2005 жылғы 27 маусымдағы № 174 «Өтініш-декларациясының нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3742 тіркелген, 2005 жылғы 3 қарашадағы № 139 «Заң газеті» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.К. Әбдібековке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер - Министрінің
      орынбасары - Қазақстан
      Республикасы Индустрия
      және жаңа технологиялар министрі           Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы     
Премьер-Министрдің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2010 жылғы 19 шiлдедегi     
№ 170 бұйрығына       
қосымша             

Өтініш-декларациясын тіркеу
Ережесіне қосымша   

Нысан

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі
___________________________________________________________
    (сәйкестікті растау бойынша органның атауы, мекен-жайы)
_________________________________________________________________

ӨТІНІШ-ДЕКЛАРАЦИЯ № ____ (қолдану құқығы берілмеген)

20___ж. «__»___________20___ж. «__»_________ дейін қолдануға жарамды
_________________________________________________________________
                         (кәсіпорын басшысы)
_________________________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты)
атынан __________________________________________________________
_________________________________________________________________
            (Өтінім берушінің атауы, СТН, (ЖСН*, БСН*))
_________________________________________________________________
                           (мекен-жайы)
өзінің тікелей жауапкершілігі атынан ____________________________
                                           (өнімнің атауы)
СЭҚ ТН/КО СЭҚ ТН коды ___________________________________________
_________________________________________________________________
               (партия көлемі, тауардың ілеспе құжаттары)
_________________________________________________ әзірленген өнімнің
         (елі, кәсіпорын атауы, фирмасы)
адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өтініш берген уақытта қолданылатын осы өнімге белгіленген _____________________________
                                       (нормативтік құжаттың атауы
                                              және белгісі)
_____________________________________________ барлық талаптарына сәйкестігін мәлімдейді және кедендік ресімдеуден соң өнімді өткізу ісін жүргізбеуді және өнімнің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін өтініш-декларацияны тіркеген сәйкестікті растау бойынша органда тіркелген күнінен бастап ________________________________________
                                       (бір айдан аспайтын)

күн ішінде белгіленген тәртіппен растайды.

      М.О. Кәсіпорын басшысы ____________________________________
                                         (қолы, Т.А.Ә)

Осы өтініш-декларация «__»_______ 20 ___ ж. № __________________ шарт
бойынша _________________________________________________________
                (сәйкестікті растау бойынша органның атауы)
______________ тіркелген және бақыланады.

      Өтінім беруші декларацияланған өнімнің сәйкестігін растау бойынша жұмыстарды жүргізуден бас тартқан жағдайда қолданыстағы заңдарға сәйкес шара қолдану үшін техникалық реттеу және метрология саласындағы өкілетті органның аймақтық органдарына ақпарат жөнелтіледі.

      М.О. Сәйкестікті растау бойынша органның басшысы
           немесе өкілетті тұлға _______________________________
                                           (қолы, Т.А.Ә)

ЖСН*, БСН* - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап толтырылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады