2010 жылы ауыл халқын одан әрі шағын несиелендіру үшін шағын несие ұйымдарын несиелендіру туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі N 595 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6515 болып енгізілді

      «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау Ережесінің 34 және 36-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы тарапынан ауыл халқын одан әрі шағын несиелендіру үшін шағын несие ұйымдарын несиелендіру барысында мыналар:
      1) жылдық 7,5%-дан артық емес сыйақы ставкасы;
      2) ауыл халқына (шағын несие ұйымдарын түпкі қарыз алушыларына) берілетін қарыздың жылдық 14,5%-дан артық емес сыйақы ставкасы белгіленсін.
      2. Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитеті (Тұңғышбеков С.Т.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 18 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Министр                                    А. Күрішбаев

О кредитовании микрокредитных организаций для дальнейшего микрокредитования сельского населения в 2010 году

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 10 сентября 2010 года № 595. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 сентября 2010 года № 6515

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 7 декабря 2009 года "О республиканском бюджете на 2010-2012 годы" и в соответствии с пунктами 34 и 36 Правил поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Установить акционерному обществу "Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства при кредитовании микрокредитных организаций для дальнейшего микрокредитования сельского населения:
      1) ставку вознаграждения не более 7,5% годовых;
      2) ставку вознаграждения выдаваемого займа сельскому населению (конечным заемщикам микрокредитных организаций) не более 14,5% годовых.
      2. Комитету по делам сельских территорий (Тунгышбеков С.Т.) в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 18 мая 2010 года.

      Министр                                    А. Куришбаев