Халықтың нысаналы топтарын және 2010 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 23-1қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 5 ақпанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 618 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 06 желтоқсандағы N 23-1147қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.12.2010 № 23-1147қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз.

       «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар белгіленсін:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғалар бар азаматтар;
      6) елу жасқа толған тұлғалар;
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
      13) орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарының түлектері;
      14) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      15) толық емес жұмыс режимінде қамтылған қызметкерлер;
      16) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақасы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар;
      17) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар (бала асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар).
      2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма):
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіби даярлауды қамтамасыз ету жөнінде шара қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
      3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Жұмыс берушілер:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетсін;
      2) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат берсін;
      3) Басқармаға бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы мәлімет жіберсін;
      4) Басқарма берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы уақтылы (Басқарма оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) хабардар етсін.
      4. Басқарма әділет органдарында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      5. Астана қаласы әкімдігінің:
      «Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы» 2009 жылғы 5 қаңтардағы № 23-10қ қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 5 ақпанда № 558 болып тіркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2009 жылғы 17 наурыздағы № 29 нөмірінде, 2009 жылғы 19 наурыздағы № 30 нөмірінде; «Вечерняя Астана» газетінің 2009 жылғы 28 наурыздағы № 37 жарияланған);
      «Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы № 23-10қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 31 наурыздағы № 23-291қ қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 13 сәуірде № 568 болып тіркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 51 нөмірінде; «Вечерняя Астана» газетінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 48 нөмірінде жарияланған);
      «Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы № 23-10қ қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 25 мамырдағы № 23-513қ қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 4 маусымда № 580 болып тіркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2009 жылғы 11 маусымдағы № 63 нөмірінде; «Вечерняя Астана» газетінің 2009 жылғы 11 маусымдағы № 69 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Әкiм                                   И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады