Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 "Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 қазандағы № С-39/10 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 05 қарашада № 1-1-130 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 16/16 шешімімен. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № С-16/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 23.04.2013 № С-16/16 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-113 тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсанда «Көкшетау» газетінде және 2009 жылғы 24 желтоқсанда «Степной Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      1 тармақ 4 тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      «көру бойынша 2 топ мүгедектеріне қалалық қоғамдық көлікте жүру үшін жылына бір рет 6720 (алты мың жеті жүз жиырма) теңге мөлшерінде төлем төлеу»;
      2. Осы шешім Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық мәслихатының
      39 сессияның төрайымы                      С. Мұратбекова

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Мұстафина

      «КЕЛІСІЛДІ»:

      Көкшетау қаласының әкімі                   М. Батырханов

      «Көкшетау қаласының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Қ. Ахметов

      «Көкшетау қаласының
      қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ө. Ыдырысов

      «Көкшетау қаласының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А. Омарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады