2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2010 жылғы 26 қарашада № 45 тіркелді. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 желтоқсанда № 1-1-134 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 01-33-282 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 19.03.2013 № 01-33-282 хатымен.

      Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3337 баптарына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесіне» сәйкес, Көкшетау қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 1-1-116 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген (2010 жылғы 21 қаңтардағы № 2 «Степной Маяк» және 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 3 «Көкшетау» газеттерінде жарияланған) Көкшетау қаласы әкімінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 44 «Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде осы жылы он жеті жасқа толған ер азаматтарды тіркеу туралы шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.
      4. Осы шешім Көкшетау қаласы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 М.Батырханов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Көкшетау қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            С.Балғожинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады