Атбасар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № А-8/216 "2010 жылғы Атбасар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № А-13/352 қаулысы. Ақмола облысы Атбасар аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 21 қаңтарда № 1-5-157 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № а-4/106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 12.04.2016 № а-4/106 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес Атбасар ауданының әкімдігі қаулы етеді:
      1. Атбасар ауданы әкімдігінің "2010 жылға Атбасар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2010 жылғы 18 тамыздағы № а-8/216 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-145 тіркелген, 2010 жылғы 8 қазанда "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      атауы мен 1 тармақта "2010 жылға" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Атбасар ауданының әкімі Р.Әубәкіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады