Астрахан ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 176 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 шілдеде № 1-6-130 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 212 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2012.06.14 № 212 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Астрахан ауданының әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          М.Қожахмет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады