Қаракөл ауылының көшесіне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Астрахан ауданы Острогорск ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 31 мамырдағы № 4 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 шілдеде № 1-6-124 тіркелді

      Ескерту. Шешімінің орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "аула" деген сөзі "села" деген сөзімен ауыстырылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы Острогорск ауылдық округі әкімінің 27.02.2017 № 2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2010 жылдың 26 сәуірдегі Қаракөл ауылы тұрғындары жиынның хаттамасын ескере отырып, Острогорск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан ауданы Острогорск ауылдық округі әкімінің 27.02.2017 № 2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Қаракөл ауылының көшесіне Әл - Фараби атындағы атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Острогорск ауылдық
округінің әкімі
Т.Құрман

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Астрахан ауданының "Мәдениет және
тілдері дамыту бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
М.Сексенбаев
      Астрахан ауданының "Сәулет және
қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Н.Герасимова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады