2010 жылы Егіндікөл ауданының аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № А-6/124 қаулысы. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 маусымда 1-8-96 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № А-12/274 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің 2010.12.31 № А-12/274 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 және 7 баптарына сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылы Егіндікөл ауданының аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      ұзақ уақыт бойы (жылдан артық) жұмыс істемейтіндер;
      24 жасқа дейінгі жастар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
      3. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күінен бастап күшіне енеді және жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б.Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады