2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын, 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 7 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 27 желтоқсанда № 1-9-163 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 07-20/1602 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 06.11.2014 № 07-20/1602 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережелеріне сәйкес, Ерейментау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын, 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етсін.
      2. Ерейментау ауданы әкімінің «2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-9-141 тіркелген, 2010 жылдың 30 қаңтардағы «Ереймен» аудандық газетінде және 2010 жылдың 30 қаңтардағы «Ерейментау» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Көшкінбаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н.Ережепов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы Ерейментау
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Д.Дильдибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады