Ерейментау ауданы Сілеті селосының көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Сілеті ауылдық әкімінің аппараты 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 01 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 мамырдада № 1-9-151 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Сілеті ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ерейментау ауданы Сілеті селосының көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      Набережная көшесі Сәкен Сейфуллин атындағы көшесіне;
      Ленина көшесі Ыбырай Алтынсарин атындағы көшесіне;
      Советская көшесі Абай Құнанбаев атындағы көшесіне;
      Дорожная көшесі Ахмет Байтұрсынов атындағы көшесіне;
      Степная көшесі Қабанбай батыр атындағы көшесіне;
      Пятилетка көшесі Қаныш Сатпаев атындағы көшесіне;
      Молодежная көшесі Бейбітшілік көшесіне;
      Целинная көшесі Жеңіс көшесіне;
      Горького көшесі Аль-Фараби атындағы көшесіне;
      Энергетиков көшесі Әлия Молдағұлова атындағы көшесіне;
      Кирово көшесі Достық көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сілеті ауылының әкімі                      Ғ.Н.Әбенов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ерейментау аудандық мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М.Б.Әдірешев

      «Ерейментау ауданының сәулет және
      қалақұрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.К.Бәтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады