2010 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № А-1/2 қаулысы. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 ақпанда № 1-10-109 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № А-11/377 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2010.12.28 № А-11/377 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы 7 бабының 5-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы 31 бабының 1 тармақшасына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға мүгедектер ұшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің «2009 жылы Еңбекшілдер ауданының аумағында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» 2009 жылғы 01 сәуірдегі № а-4/54 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің тізілімінде № 1-10-85 тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда аудандық «Жаңа дәуір» - «Сельская новь» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Ж.Шәуеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшілдер ауданының
      әкімі                                      Т.Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады