Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-4/8 "Табысы аз отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С-21/5 шешімі. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 мамырда № 1-12-125 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы № 5С-2/5 шешімімен

      Ескерту.  Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.03.06 № 5С-2/5 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, тұрғын үй көмегін көрсету мәселесіндегі бағыттарды жетілдіру мақсатында Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жарқайың аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-4/8 «Табысы аз отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-76 тіркелген, «Целинное знамя» аудандық газетінде 2008 жылдың 1 ақпанында жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      1.4 - тармақшасы төмендегідей мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      жергілікті жылу жүйесімен қатты отынды пайдалануға өтем нормасы отбасыға бес тоннадан белгіленсін;
      көмір сатып алу маусымына байланысты, тұрғын үй көмегін есептеу кезінде тұрғын үйге (көмір бағасы) шығындардың барлық әлеуметтік нормасын өтініш беру тоқсанында үш айға есептелінсін.
      2. Осы шешім Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С.Оспан-Ұлы

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Б.Швачкин

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Қалжанов

      «Жарқайың ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            З.Қоржымбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады