"Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 11 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 желтоқсанда № 1-13-122 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 04-596 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 26.06.2013 № 04-596 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2011 жылдың қаңтар – наурызында тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д.Бралинаға жүктелсін.
      3. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Аудан әкімі                                И.Қабдуғалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Акмола облысы Жақсы ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.Мельников

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады