№ 4, № 13 сайлау округтері бойынша Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттеме баспа материалдарын орналастыру үшін Зеренді ауданында орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 431 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қазандағы № 1-14-144 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қаңтардағы № 39 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011.01.14 № 39 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, сондай-ақ «Ақмола облыстық мәслихаттан шыққан депутаттардың орнына депутаттарды сайлауды белгілеу туралы» Ақмола облыстық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 23 тамыздағы № 11 шешіміне сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, № 4, № 13 сайлау округтері бойынша Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттеме баспа материалдарын орналастыру үшін Зеренді ауданында қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.
      2. Қонысбай, Қызылсая, Чаглинка, С.Сейфуллин атындағы, Қанай би атындағы селолық округтердің әкімдері үгіттеме баспа материалдарын орналастыруға орындарды стендтермен, тақталармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2010 жылдың 5 қазанынан бері пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зеренді ауданының әкімі                    Е.Сағдиев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Зеренді аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Бекенов Х.Р.

      5510 әскери бөлімі
      ротасының командирі, майор                 Жақыпов Е.Е.

Зеренді ауданы әкімдігінің
2010 жылғы «12» 10
№ 431 қаулысына қосымша

Депутаттыққа кандидаттар үшін үгіттеме баспа
материалдарын орналастыру үшін
Зеренді ауданындағы орындар

Елді мекеннің атауы

Орналасқан жері

Орналастыру
үшін
объектінің
атауы

1

Бірлестік кенті

Орта мектептің аумағында

стенд

2

Қызылсая ауылы

Орта мектептің аумағында

стенд

3

Сейфуллин ауылы

Орта мектептің аумағында

стенд

4

Қараөзек ауылы

Ауыл орталығы ауданы

стенд

5

Қызылағаш ауылы

Негізгі мектептің аумағында

стенд

6

Биіктесін ауылы

Ауыл орталығы ауданы

стенд

7

Жаңатілек ауылы

Бастауыш мектептің аумағында

стенд

8

Қонысбай ауылы

Әкімшілік-мәдени орталық аумағында

стенд

9

Доңғылағаш ауылы

Негізгі мектептің аумағында

стенд

10

Гранитное селосы

5510 әскери бөлімінің аумағында

стенд

11

Игілік ауылы

Орта мектептің аумағында

стенд

12

Жамантұз ауылы

Негізгі мектептің аумағында

стенд

13

Чаглинка селосы

Орта мектептің аумағында

стенд

14

Чаглинка селосы

Село орталығы ауданы

стенд

15

Ақадыр ауылы

Ауылдық клубтың аумағында

стенд

16

Октябрь селосы

Село орталығы ауданы

стенд

17

Ұялы ауылы

Негізгі мектептің аумағында

стенд

18

Қарауыл Қанай би ауылы

Орта мектептің аумағында

стенд

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады